Саясат
Наным-сенім бостандығы – әрбір адамның бұлжымайтын құқығы
Наным-сенім бостандығына құқық Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19 бабында бекітілген: "Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды".
Еркін БАҚ және ақпаратқа еркін қол жеткізу даму саласындағы міндеттерді шешуге, адамдардың қоғамдағы істердің ахуалы туралы хабардар болуын арттыра отырып ықпал етеді. Осылайша адамдар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушысы болуға және өз тағдырын өз бетімен шешуге мүмкіндік алады. Бірақ бұның бәрі сенімді ақпаратқа қол жеткізу еркін болған жағдайда ғана мүмкін.
Наным-сенім бостандығы мен оны еркін жеткізуге құқық іске асу үшін қоғам келесі міндеттерді шешуі керек:
– еркін бұқаралық ақпарат құралдары үшін жағдай жасайтын тиісті құқықтық база құру;
– тәуелсіз БАҚ-қа қолдауды және оны қорғауға арналған құқықтың үстемдігін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз ету;
– ақпаратқа, бірінші кезекте, қоғамға қол жетімді ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін заңдар қабылдау;
– ақпаратты тұтынушыларға аналитикалық дағдылар сіңіру, осылайша олар түскен ақпаратты сыни бағалауды, БАҚ-тан өз функцияларын жауапты атқаруды талап етуді үйренеді.
Осы элементтер қоғамда сау ортаны қалыптастыруға негіз болады. Ал сау орта дегеніміз: БАҚ-тың қоғамдағы істердің ахуалын қадағалауы, азаматтық қоғамның биліктен тиімді әрекеттерді және өз функциясын адал атқаруын талап етуі.
Еркін, тәуелсіз және плюралистік бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық қоғам жағдайындағы тиімді басқаруды қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Еркін БАҚ құқықтың транспаренттігін, есептілігін және үстемдігін қамтамасыз ете алады, олар қоғамдық-саяси пікір алмасудың бұқаралық дамуына және кедейшілікпен күрес майданының кеңеюіне ықпал етеді. Тәуелсіз БАҚ өзінің күнделікті іс-қызметі кезінде өздері қызмет ететін қауымға иек артады, сәйкесінше, осы қауымдардың құқықтарының кеңеюіне ықпал етеді, оларды демократиялық процестің толыққанды мүшесіне айналдыра алады.
Ашық та плюралистік бұқаралық ақпарат құралдары "айна" функциясын атқарып, қоғамның шынайы бейнесін көрсете алғанда құнды бола түседі. Еркін БАҚ жемқорлықпен күрестің де маңызды саймандарының бірі.
Дереккөз: БҰҰ ресми сайты / un.org