Саясат
Үкімет те, оппозиция да тең дәрежеде тұрған тәрізді
Венесуэлада үкімет пен оппозиция арасында паттық жағдай (шахмат ойынында, қарсыластардың тепе-тең түсуі) орын алған сияқты. Қақтығыстың екі тарапының да, бір-бірін теңестіретін мықты және әлсіз тұстары бар. Осының нәтижесінде, ешкім де әлі толық жеңіске жете алмады.
"Үкімет қару-жарақты бақылауда ұстап қалды және шет елдердің қолдауын тапты, бірақ, бұл үкіметті халық қолдамайды", – дейді Дженнифер Маккой, АҚШ-тың Джорджия штаты университетінің Латын Америкасы бойынша сарапшысы.
"Оппозиция кең ауқымды халықаралық қолдауға, сондай-ақ, тұрғылықты халықтың қолдауына ие. Бірақ оппозиция, жауынгерлерді әскер тарапынан, наразылық білдірушілер тарапына көптеп өтуге көндіре алмады", – деп түсіндіреді Дженнифер Маккой.
Осы аптада оппозиция, қауіпсіздік қызметтері арқылы, өзінің басты көшбасшыларының бірі Леопольд Лопесті үй қамауынан босатып алды.
Николас Мадуроға қатысты жаңа наразылық акциялары өтіп, наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы соқтығыстармен аяқталды.
Осы жылдың 23 қаңтарынан бастап, 50-ге жуық ел, Хуан Гуайдоны, Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп таныды.
Алайда Мадуро әлі билік басында. Оппозицияның қолындағы Ұлттық Ассамблея болса, заңдар қабылдай алмайды. Қақтығыстың екі тарапы да, бір-бірін билікті заңсыз басып алды деп айыптауда.
Венесуэла бұл тұғырықтан қалай шыға алады? Назарларыңызға бұл мәселенің әрі қарай өрбуінің бес сценариін ұсынамыз:
1. Келіссөздер.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Венесуэла келіссөздер арқылы бейбітшілікке келуі керек. Бұл аймақтағы, қақтығыстарды шешудің ең тиімді модельдерінің бірі - Контадорлық топ, 1980 - ші жылдары Орталық Америкадағы әскери қақтығыстарды тоқтатуға көмектескен халықаралық ұйым.
Венесуэладағы келіссөздер тек негізгі мәселелерді (халықаралық қауымдастық бақылауымен сайлау өткізу, саяси тұтқындарды босату және т.б.) ғана емес, электроэнергияны пайдалануды тұрақты ету секілді шұғыл мәселелерді қарастыру керек.
Бұл сценарийдің жетістікке жетуі, тараптардың бір-біріне көнуі мен өз кемшіліктерін мойындаумен, келісімге келуге деген ниетімен байланысты.
2. Чавизмнің күйреуі.
Чавизм – елдің бұрынғы президенті Уго Чавестің атымен байланысты бағыт, Мадуроның жақтастары. Леопольд Лопестің босатылуы – қауіпсіздік күштерінің арасындағы наразылықтың бар екендігінің дәлелі. Соңғы бірнеше айда кейбір атақты чавистер, олардың ішінде бұрынғы прокурор, министрлер және әскери офицерлер президенттен бас тартты.
3. Оппозицияның күйреуі.
Өзге бір көзқарас бойынша, Венесуэла 2014 және 2017 жылдардағы сценарийді қайталайды: ол кезде оппозиция бөлініп, билікке келу мүмкіндігін жіберіп алған болатын.
4. Мемлекеттік төңкеріс.
Венесуэла өзінің мемлекеттік төңкерістер тарихымен мақтана алады. Соңғы осындай жағдай 2002 жылы орын алған болатын. Жақында Гуайдо әскерилерді бірігіп, билікті басып алуға шақырды. Алайда, Венесуэланың қарулы күштері, өздерін антиимпериалист санайды. Олар, Вашингтонның қолдауына ие оппозицияға сенбейді.
5. Шетелдік басып кіру
Оппозиция бірнеше рет халықаралық әскерилердің араласуын сұраған болатын. Үлгі ретінде, 1989 жылғы Панамадағы Мануэль Норьеги үкіметін, АҚШ әскерилерінің құлатуын қарастырады. Алайда, Венесуэладағы жағдай сәл өзгеше. Оның әскері үлкенірек, сондай-ақ, елде азаматтық қарулы топтар баршылық.
Қорытынды:
Егер бірде-бір сценарий орын алмаса, Венесуэла үлкен тығырыққа тіреледі деп санайды сарапшылар.