ҚОҒАМ

Қазақстанда алаяқтық қоңыраулардың алдын алуға бағытталған "Anti Call" орталығы іске қосылды

Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, "Anti Call" орталықтың жұмысын бастады. Жаңа жоба интернет-алаяқтықпен күрестің алдын алу тетіктерін күшейтуге бағытталған, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Оның негізгі мақсаты – қаржылық шығын келтірмей, күмәнді қоңырауларды анықтау және алаяқтардың жолын кесу.

Жүйе байланыс желісіндегі күмәнді трафикті талдап, алаяқтық белгілері бар қоңырауларды анықтайды. Одан кейін "Anti Call" орталық операторлары күдікті қоңырауға қосылып, алаяқтардың назарын өздеріне бұрады. Осыған байланыстықұқық бұзушылардың жәбірленушілерге қоңырау шалу мүмкіндігі шектеліп, олардың уақыты тиімсіз әңгімеге жұмсалады.

Сонымен қатар киберполиция алаяқтардың қолында азаматтардың деректері болуы ықтимал жағдайларда тиісті тұлғаларға ескерту жұмыстарын жүргізеді. Бұл азаматтарды қаржылық және өзге де қауіптерден алдын ала қорғауға мүмкіндік береді.

"Anti Call" орталықтың жұмысы алғашқы нәтижелерін де көрсетті. Атап айтқанда, алаяқтық жолмен ірі көлемде несие рәсімдеуге бағытталған әрекеттің жолы кесілген.

Жобаны іске асыру барысында заманауи технологиялар, деректерді талдау құралдары және мемлекеттік органдар мен телекоммуникация саласы өкілдерінің өзара іс-қимылы қолданылуда.

Аталған бастама цифрлық ортадағы қауіпсіздікті арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты күшейтуге бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61