ҚОҒАМ

Қазақстанда баланы мектепке дайындау шығыны 200 мың теңгеге дейін жетеді

Қазақстандық отбасылардың 63%-ы бір баланы жаңа оқу жылына дайындауға 50-200 мың теңге көлемінде қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Ата-аналардың 55%-ы мектепке қажетті тауарлардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда өскенін айтқан. Бұл деректер «Wildberries» зерттеу орталығы жүргізген сауалнамада келтірілген, деп жазады Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстандағы ата-аналардың 91%-ы оқу жылына дайындықты отбасы үшін маңызды міндеттердің бірі деп бағалайды. 1 қыркүйек қарсаңында ата-аналар балаларға мектеп формасы мен аяқ киім, оқу тауарлары, сөмкелер, оқулықтар және өзге де қажетті оқу құралдарын сатып алады.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандық отбасылардың 63%-ы бір оқушыны мектепке дайындауға 50-200 мың теңге аралығында қаржы бөлуді көздейді. Сонымен бірге ата-аналардың 55%-ы мектеп тауарларына жұмсалатын шығынның өткен жылмен салыстырғанда артқанын көрсеткен.

Зерттеу «Wildberries» платформасының Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы белсенді сатып алушылары арасында жүргізілді. Зерттеу аясында ата-аналардың мектепке дайындыққа қатысты шығындары мен жоспарлары зерделенген.

Сонымен қатар сарапшылар 2026 жылғы шілде-тамыз айларындағы мектеп тауарларының сатылым көлемін 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған.

Зерттеу нәтижелері оқу жылына дайындықтың қазақстандық отбасылар үшін айтарлықтай қаржылық шығынды қажет ететінін көрсетеді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61