Weekend
Әлеуметтік желі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлеуметтік желілер, блогтар, чаттар қазіргі кезде жанды қарым-қатынасты толық алмастырған. Ғаламтор заманауи адамға толыққанды еркіндік пен қоса тәуелді етуде. Қарқынды ақпараттандыру, қоғамдық жаһандану мен мәдени процесстердің нәтижесінде жаңа әлеуметтік кеңістік пайда болды, ол кеңістік виртуалды шындық деген атқа ие. Зерттеу жұмысымның актуалдылығына интернетті жатқызамыз. Себебі, интернет бұқаралық ақпарат құралдарына жатумен қатар әлеуметаралық қатынастың жаңа облысын ашуда, ал, ол адам өміріне үлкен өзгерістер әкелуде. Адамдардың жанды қарым - қатынастан гөрі әлеуметтік желідегі қарым-қатынасты таңдауының себебіне мыналар жатуы мүмкін:
1. Күнделікті өмірінде сөйлесетін адамдардың аз болуы;
2. Күнделікті өмірінде ішіндегі эмоцияларын толыққанды көрсете алмауы. Осындай ситуацияларда адам көбінесе интернеттегі анонимділікті немесе эмодзиларды таңдайды.
Чаттарды мекен етушілер толығымен паралингвистикадан айырылады: тілдік тембр, акцент, эмоционалдылық, дауыс ырғағы, дикция, жест және мимика. Уақыт өте келе, бұндай ауқымды мәселе шешіле бастады. Ең біріншіден, «эмоционалды дефицит» мәселесі қозғалып, эмоционалды реакцияларды «смайликтер» (ағылшын тілінен «smile» - «жымию») бейнелеп бастайды. Смайликтен бөлек әлеуметтік желілерде эмоцияңды немесе ойыңды жеткізу үшін аудиожазбалар, видеожазбалар, тікелей эфир сияқты көптеген функциялар бар. Жаңа әлем және жаңа стиль өзі дамумен қатар жаңа тілдік коммуникацияны немесе ескі тілдік коммуникацияның трансформациялануын талап етуде. Визуалды қарым-қатынас барысында сөз интонация, мимика, жест арқылы таралады, ал виртуалды қарым-қатынас барысында бұның барлығын белгілер мен смайликтер алмастыруда. Әрине, бұның барлығы өте ыңғайлы; дегенмен уақыт өте келе нәтижесі мүлдем жаман болуы мүмкін. Адам үйінен шықпай, тек әлеуметтік желі арқылы ғана сөйлесетін болса, шынайы өмірде адаммен шынайы қарым-қатынасқа түсу ол адамға қиынға соғады, ал адам күні адаммен екені барлығына мәлім.
Тіліміздің дамып өркендеуіне ғаламтор желілерінің тигізер пайдасы аз емес. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір Жолдауында: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды» деген болатын. Бұл рас. Қазақ тілі ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологиялар көшіне ілесіп, дамып келеді. Бүгінде әлеуметтік желілерді екінің бірі пайдаланады десек, артық айтқандық емес. Ауыл мен елді мекендердің барлығына дерлік интернет қолжетімді болды. Желі пайдаланушылар хат алмасады, ой-пікірлерімен бөліседі. Ақпараттық сайттардың қатары да күн өткен сайын көбейіп, арта түсуде. Мұның бәрі, әрине, жақсы. Бірақ тіліміздің тазалығын да ұмытпауымыз керек. Өйткені бұл ең басты талап болуы тиіс.
Әлеуметтік желілердегі сөз мәдениетін сақтау үшін елімізде ең алдымен:
1. Ақпараттық мәдениет жайында қажетті мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен насихатталса;
2. Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, сондықтан жастарға үлгі болатын қоғам белсенділері жарнамадан бөлек, сөз мәдениетіне қатысты игі істерді атқаруға атсалысса, сөз қателеріне қатысты түрлі танымдық мақалалар жарияласа;
3. Тілдің қолданылуы, оның маңызы жөнінде әлеуметтік желілерде талқыланып, тіл тазалығы, сауатты жазуға үндеген жарнамалар, жастардың патриоттық сезімдерін арттыратын ақпараттар мен суреттер жиі берілсе;
4. Кез келген әлеуметтік желіні пайдаланушы тұлға тіл мәселесіне бей-жай қарамай, сауатты жазуға талпынса, ықылас танытса виртуалды әлемдегі сөз мәдениеті түзелері анық.
Әлеуметтік желідегі коммуникацияны зерттеуде, мәдениет аралық коммуникацияның алатын орны өте үлкен екенін ескерген жөн. Мәдениетаралық коммуникация, коммуникация теориясында өте үлкен, әрі ерекше бөлім болып келеді. Мәдениетаралық коммуникация әртүрлі мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың теориялық және практикалық жақтарын зерттейді. Мәдениетаралық коммуникацияда ең бастысы мәдениет тасушылардың арасындағы қарым-қатынас мықты болуы керек. Мәдениет тасушы адам ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жануарлар да мәдениетті дамытып, жалғастыра алады. Әртүрлі мәдениеттен алынған жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуін де мәдениетаралық коммуникация десек болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас өте ежелгі құбылыс болып келеді, ол біздің мәдениет деп есептейтін түсінігімізбен қатар пайда болып, дамып келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1 курс магистранты Жексенбаева Мадина
Жетекші: Досхожина Ж.М
www.kaznu.kz
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61