Саясат

І Дүниежүзілік соғыс: Шымылдық сыртында не болды?

Федералдық қор болмаса, бұл соғыс та болмас еді...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Үлкен дипломатия» деген еңбектің авторы Киссинджер адамзат таң қалатын деректерді келтіріп, соғыстың о бастағы төркіні туралы сөз қозғайды: «Бірінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы адамды қайран қалдырады, қайран қалдыратыны, әрине, оның басталуына өзіне дейінгі өзге дағдарыстармен салыстырғанда тіпті ілікке алғысыз оқиғаның себеп болғаны емес, қайта соғыстың осынша ұзаққа созылып барып басталғаны болды»- дейді.

1914 жылы 28 маусымда, Еуропаны билеген герцог Фердинанд Боснияға сапар кезінде серб жендетінің қолынан қаза табады. Шындығында, бұл қатардағы лаңкестік ұйымның өш алу әрекеті ғана болатын. Алайда, аталған өлім 30 мемлекет пен 1,5 миллиард халықты шарпып, 30 миллион адамның түбіне жеткен алып соғыстың сылтауы болады деп ешкім ойлаған жоқ.

Франк-прусс соғысынан кейін, екі елдің арасы бүлінді, Ұлыбритания Еуропа құрлығы жөнінде ұстанған «Даңықты жалғыздық» саясатынан бет бұруға мәжбүр болды, Франция әлсіреп, Германия күшейді, Еуропадағы ең қуатты елге айналған Германия, егер дер кезінде ауыздық салынбаса, қалайда, Ұлыбританияға үлкен қатер төндіруі мүмкін еді. Сөйтіп, Ұлыбритания Германияның әр адымын аңдып отырған ресейді қатарына тартып, Франциямен бірге «Үштік Антантаға» бірікті. Ал, Германия Аустриямен бірге одақтасып, кәрі құрлықта қарама-қарсы екі әскери топ пайда болды.

Соғыс дайындығына шұғыл кіріскен екі жақтың басты мәселесі әскер мен қару-жарақ және олардың ұстап тұру еді. Осы жағынан келген кезде екі жақ несие мен қарызға белшесінен батты. Бұл туралы сол кездегі баяндамалардың бірінде былай дейді:

«Түрлі қарыз билетінің өсім шығыны мен несие капиталын төлеуге жылына 5 млрд 343 млн доллар бөлінеді. Еуропа елдерінің финанс саласы әбден қарызға батты, үкімет жөнінен алып айтқанда, соғыстың үрейлі мүмкіндіктеріне қарамастан, осынша ма қымбатқа тоқтаған және аса тұрақсыз бейбітшілікпен салыстырғанда, соғыс бәрінен де маңызды орынға ие болды. Егер бұл әскери дайндықтың арты соғысқа ұласпағанда, үкімет біткен күйрейтін еді».

Тұрақсыз және зәрден қымбат бейбітшілік 1887-жылдан 1914 жылға дейін жалғасты, мұздай қаруланған, бірақ, баяғыда-ақ күйреуге таяған еуропа үкіметтері бір-біріне алакөзбен қарасып, тісін-тісіне басып әзер отырды. Ротшильдтер шаңырағынан өнген еуропаның банк жүйесі қарсыластардың бәрін несиемен қарық етіп, әскери теке-тіресті соза түсті.

Соғыс: астық пен ақшаның қорына байланысты

1914 жылғы жағдайда алып айтқанда, Еуропадағы негізгі елдердің алпауыт соғысты көтеретіндей шамасы болған жоқ. Олардың қомақты армиясы, әскери дайындықтары, сондай-ақ, заманауи құрал-жабдық жүйесі болғанымен, экономикасы қисапсыз соғысқа дайын емес-ті.

Шындығанда, соғыс шығыны, қарыздар бұлардың бәрі ешкімді аямас еді. Жеңілсе де, жеңіске жетсе де екі жақ ұтылатын болды. Себебі, күйрей жеңілген ел жеңіске жеткен елдің шығынын өтеп бере алмас еді, ал жеңіске жеткен тарап ес жиғанша халықтың жағдайын жақсартып жіберуге дәрменсіз күйде қалатын.

Сонымен, соғыс бірден басталмады. Анығын айтқанда, Федералдық қор құрылғанша осылай жалғаса берді.

Банкирлер соғыс тілейді

Мұхиттың арғы жағындағы құрама штаттар өз тұсындағы әлем бойынша маңдай алды өнеркәсіп мемлекеті ретінде өскелең өндіріс қуатын әзірлеп, есепсіз мол байлықты қоншына басып отырғанымен, 1913 жылға дейін, не дегенмен, шетел қарызына сүйеніп күн кешетін еді, өзге бір елге несие бере алмайтын. Мұның басты себебі, орталық банк болмағандықтан, Нью-Йорктың банкирлерінде мемлекеттің барлық кредит байлығын жұмылдыратын мүмкіндік жоқ болатын. Алайда, банкирлердің табиғаты қырғын соғысты іштей тілеп тұрады, себебі, соғыс банкирлерге есебі жоқ пайда әкеледі.

«Федералдық қор» туралы заң жобасы мақұлданысымен халықаралық банкирлер де атқа қонды, 1914 жылғы 3 тамызда Ротшильдтердің Франциядағы банксі Морганға жеделхат жолдап, Францияның АҚШ-тан керек-жарақ сатып алуына бір миллион доллар кредит әзірлеуде сұрады. Хабарды құлағы шалған Уилсон лезде қарсылық танытты, мемлекеттік хатшы Уиллиам Брайн ол несиені «Ең сорақы заңсыз сауда» деп айыптайды.

Жалпы АҚШ пен Германия арасында саяси да экономикалық жақтан да алауыздық болған емес. Себебі, сол кездегі америкалықтардың 10 % неміс текті еді. Атап айтқанда, халықтың 8 миллионға жуығы неміс тектілер. Одан бөлек алғаш АҚШ шаңырақ көтерген кезде мемлекеттік тіл ретінде неміс тілі бекітіліп те кете жаздаған.

Айласын асырғысы келген банкирлер тағы бір қулыққа басып, Антанта елдеріне қарыз билеттерін сату арқылы несие беру мен Антанта елдердің АҚШ-тан керек-жарақ сатып алуына несие беру әрекеттеріне парықты мәміле ұстануды ұсынды. Банкирлердің қысымымен президент Уилсон соңғысына мақұлдық беруге мәжбүр болды.

1913 жылы 23 желтоқсанда «Федералдық қор туралы заң» қабылданып, дүниежүзілік деңгейдегі соғыстың басталуына қажетті шарт әзірленді. Ұзақ уақыт күттірген соғыстың машинасы іске қосылды.

Дереккөздер "Ақша соғысы" кітабынан алынды