Hi-Tech
Биобензин жақында жанармай бекеттерінде сатылуы мүмкін
Биология және биотехнология мәселелері институтының (ББМИ) ғалымдары Токио Ғылыми университетнің (TUS) ғалымдарымен біріге отырып автотранспорқа арналған биожанармай бөліп алуда.
Биожанармайды бөлу үшін тірі, микроскоппен қарағанда көрінетін микробалдырлар қолданылды. Қазіргі таңда биожанармайдың екі түрі алынуда: биосутек және биодизель. Екі жанармай түрін алуға бірдей микробалдырлар қолданылғанымен, өзіндік технологиялары әртүрлі болып келеді.
Бұл жасалынған тәжірибеге өсу қарқыны жоғары, фотосинтез активтілгі белсенді түрлер ғана қолданылды. Ғалымдардың айтуынша бұл технология қалдықсыз және шығынсыз болып табылады. Себебі, биожанармай алу үшін тек күн сәулесі, қалдық су қажет екен. Микробалдырлар күн сәулесін сіңіре отырып, ауадағы көмірқышқыл газымен (СО2) тыныс алады және олардан алынған биомасса оттексіз ортада биосутек бөліп шығарады. Ал биодизель бөліп алуға клеткалардың құрамындағы липидтердің маңызы зор болып келеді екен.
Егер қажетті қаржы көзі табылса қазіргі таңда осы жоба өңдірістік масштабта қолданылуға дайын тұр екен. Жоба жалғасын тапса, жақын болашақта еліміздің жанармай бекеттерінде биобензин сатылуы мүмкін. Ауадағы зиянды газдарды жоятын және үздіксіз биожанармай беретін осындай жобалар елімізде көбейе бергей!