Weekend
Аралар болмаса біздің әлем қандай болар еді?
Аралар мен басқа да тозаңдатушылар (көбелектер, жарқанатар, колибрилер) – өсімдіктер әлемінің, соның ішінде азық-түлік дақылдарының өсіп-өнуіне ықпал жасайды.
Қазір жануарлар әлемінің өзге де өкілдері секілді - араларға да қауіп төніп тұр. Инвазиялық жәндіктер, пестицидтер, жер пайдаланудағы өзгерістер және монодақылдар өсіру практикасы осы еңбекқор жәндіктер колониясының азаюына себепші болып отыр.
Араларды не үшін қорғауымыз керек?
Әлемнің жабайы өсімдіктерінің 90% тозаңдатушыларға тәуелді. Аралар болмаса олар ұрықтандырылмай, аз уақыт ішінде жер бетінен жойылып кетер еді. Ал өсімдіксіз тіршілік болмайтыны белгілі.
Әлем бойынша дәнді дақылдардың 35% тозаңдатушылар есебінен өнім береді.
Аралар мен басқа да тозаңдатушылар адамзаттың аштан қалмауына көп үлес қосады. Олар өсімдіктерді тозаңдандырып қана қоймай, жергілікті экожүйенің хабаршысы қызметін де атқарады. Олар мекен ететін ортаның экологиялық ахуалын осы аралардың жай-күйі арқылы білуге болады.
Аралардың адамзаттың тұрақты дамуына қосып отырған зор үлесін ескеріп, БҰҰ Бас Ассамблеясы 20 мамырды Бүкіләлемдік аралар күні деп жариялады.
Неге 20 мамыр?
1734 жылы 20 мамырда словениялық омарташы және суретші Антон Янша дүниеге келді. Ол омарташылықтың жарқын тәлімгері, осы саланың новаторы саналады. Халықаралық дәрежеде мойындалған омарташылық туралы еңбектердің авторы. Аралар күнін атап өту туралы шешім 2017 жылы қабылданды.