Саясат
Жаһандық жылыну - өте күрделі мәселе
Осыған дейін көмірқышқыл газының атмосферадағы мөлшері азаймаса, 2100 жылға қарай теңіз деңгейі бір метрге жуық көтеріледі деп есептелетін. Алайда британдық және америкалық ғалымдардың жаңа бірлескен зерттеуі алдындағы зерттеулер нәтижелерінің қарапайым екендігін көрсетті.
Гренландия және Антарктиканың мұздық қабығының аумағының азаюын талдап, ғалымдар әлемдік мұхит суларының деңгейі кем дегенде екі есе артады деген қорытындыға келді.
Климаттың өзгерулердің нәтижесінде Лондон, Нью-Йорк және Шанхай судың астына кетеді деген қауіп бар.
Жүздеген миллион адамға өмір сүретін жаңа жер іздеуге тура келеді.
Әлем экономикасына басты қауіп
Жаһандық температура көптеген жылдар бойы өсіп келеді. Біріккен ұлттар ұйымы 2016 жылы климаттың жаһандық өзгерістерін әлемдік экономиканың негізгі қаупі деп атады.
2019 жылдың қаңтарында, Давоста өткен Әлемдік экономикалық форумда сөз сөйлей отырып БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш климаттық қауіптердің маңыздылығын тағы бір растады.
"Біз бұл жарыста, артта қалып барамыз. Климаттың өзгерістері бізден жылдам. Бұл жердегі парадокс, шынайылық біз ойлағаннан да бетер, соңғы оқиғалар соның дәлелі", – деді ол.
Теңіз деңгейі қаншалықты тез көтеріліп жатыр
Американдық Ұлттық ғылым академиясында жарияланған ғалымдардың есебінше, оқиғалар өрбуінің ең жаман сценарийі бойынша, CO2-нің атмосферадағы көбеюі сақталса, 2100 жылы жаһандық ортақ температура орта есеппен 5 градусқа, ал әлемдік мұхит деңгейі 62-ден 238 см дейін жоғарылайды.
Бұл 1,79 млн квадрат шақырым құрлықтың суға кетіп, 187 млн адамға өмір сүру орнын ауыстыруға тура келеді.
Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінен АҚШ, Британия және Еуропа жағалаулары, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Азия аумақтары да зардап шегеді. Лондон, Нью-Йорк және Шанхай секілді алып қалалар суға кетуі мүмкін.