Weekend
Кинокөрсетушілердің фильмдерді қазақ тіліне аударуына байланысты халық арасында мәселе туындады.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіні қолданушы халық кинотеатр көрсетіліміндегі фильмдердің қазақ тілді титрге байланысты наразылықтарын білдірген еді. Халықтың жазуынша, қазақ тіліне аударылған титрда сапасыздық басым. Титр ішінде тіпті қазақ тіліндегі сөздермен қатар орыс тіліндегі сөздер де қатар қолданылған.
«Кинокөрсетушілер фильмдердің қазақ тіліне аударылуын қамтамасыз ету барысында туындаған мәселемен бөліскім келіп отыр. Биыл қабылданған «Кинематография туралы» заңға сәйкес прокаттағы фильмдерді титр беру немесе дубляж арқылы мемлекеттік тілге аударуды кинопрокат құқығын иеленуші дистрибьютор қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілге кәсіби дубляж жасалған фильмдердің сирек кездесуінің себебін түсіндіруде дистрибьюторлар оның қымбатшылығына сілтейді. Дубляжға жұмсалған қаржы фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінен түскен пайдадан асып түсуі мүмкін, сондықтан көбінесе титр арқылы аудармаға жүгінеді», - деп жазды министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, кейбір фильмдерге аударма жасағанда кинокөрсетушілердің де қателіктерге жол беретінін жазған өтті.
«Мысалы, «Мумбай отелі: Тайталас» фильмінде осы жағдай кездесті. Көрермендерден түскен шағымдар негізінде аталған фильмнің прокатқа берілген куәлігін алып қою туралы шешім қабылдадық. Кинопрокат құқығын иеленушілерге фильмдерді мемлекеттік тілге грамматикалық қатесіз, мағынасын түсінікті етіп, көрермендердің ренішін тудырмайтындай қылып аударуды өтінемін. Қатаң шара қолданғымыз келмегенімен, «Кинематография туралы» заңның іске асуы біз үшін өте маңызды. Сіздер түсіністікпен қабылдайды деп сенемін», - деді министр.