Weekend

Қазақстандағы масондықтардың басшысымен сұxбат

Масондықтардың Қазақстандағы жағдайы қалай?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Масондықтардың бір ерекшелігі – ұйым құрамына әйелдердің кіруіне тиым салынғандығы болса керек. Одан басқа да массондар өз бауырларының есімдерін атамайды, егерде ол құпияны ашуды адам өзі қаласа ғана айтылады.

Кравченканың айтуы бойынша: «масондық бұл шайтанизм мен мистикалық бағыттағы ұйым. Ежелден қалыптасқан Мифтерді өшіріп, бізге деген адалдықты қалыптастыру үшін-біз өз жұмысымызды бастадық». Жаңа теxнолгиялар заманына аяқ басып келе жатқанымызда, бізге ежелгі мифтерге оралудың қажеті бар ма? Бұл сұраққа олар жауап бере алмаса керек. Тіпті өздерінің түпкілікті мақсатының не екендіктерін ашып айта алмайды ғой. Қазақстанда бұл лажа аса қатты қолдау таппағанымен, шетелде зор сұранысқа ие. Сонымен қатар, батыс елдерінде бұл ұйымға қатысты басқа көзқарас байқалады: олар массондықтарды қатты құрметтейді екен. Мысалы, Испанияда массондардан дін қызметкерлері сияқты баталар сұралады.өйткені олардың  бауырластары қоғам үшін көп нәрсе жасады: ауруханалар мен мектептер салды, кедейлерге көмектесесті. Германияда 40 жастан асқан  ер адамдар жиі қойылатын сұрақ: сіз массон болдыңыз ба? Ол бауырластық  жиі ғалымдар, бизнесмендер, интеллигенцияны қамтиды ғой деген сықылды сөздер айтылады екен. Не үшін? - деген сұраққа олар былай жауап береді: тек дұрыс ойлайтын адамдар, дамудың белгілі бір деңгейіне жетеді. Ал мұқият ойланған адамдар көбінесе массондықтарға барады.Олар көбірек жетістікке жеткісі келеді деп сенеді. Алайда әр елдегі дәстүр әртүрлі болуы мүмкін.Ережелер өзгеріске ұшырайды. Әйткенмен біздің еліміздегі массондықтардың қандай жетістікке жетіп жатқаны беймәлім. Олар өз іс-әрекеттерін құпия ұстаған соң, бұл сыр болашақта да ашыларына күмәніміз бар.

Дегенмен, Қазақстандағы массондар – діни немесе саяси емес, бірақ тіркелген қоғамдық ұйым болып табылады. Олар құрамына тек өздеріне сенушілерді, ал монотеисттік діндерден: ислам, христиан, иудаизмді секілді дін ұстанушыларды қабылдайды. Оған бауырластардың арасында діни, саяси және ұлттық тақырыптар туралы айтуға тыйым салынады екен. Сондықтанда олар артық дауласпайды. Бұл жәйт та бір жағынан дұрыс болар. 

«Волные каменщики» деп аталатын  үміткерлерге қойылатын талаптар: 21 жасқа толған, алдын сотталмаған ер азамат болуы(арнайы куәлік талап етіледі),қаржылық жағынан өзін қамтамасыз етуі. Себебі ұйымға  мүшелік жарна – жылына 50 мың теңге, сонымен қатар іс-шара қорына ерікті қайырымдылық. Олар әлеуетті бауырласпен өзінің «моральдық-этикалық қасиеттерін» ашып сөйлейді екен. Тағы бір ерекшелігі – өзге ұйымдар секілді бұл лажаға адамдарды шақыру жұмыстары жүргізілмейтін көрінеді. Адамдар өздері қалап келеді.

Қазақстанда бүгінгі күні төрт лажада шамамен 40 жергілікті масон бар. Әлеуметтік ұйымдардың жиналыстарында не істейтіні құпия болып табылады. Бірақ біздің әңгімелесушілеріміз оны біраз ашты: кездесулердегі сабақтардың бірі – бауырластардың «сәулет» жұмыстарын оқуымен өтіпті. Шын мәнінде, бұл мәселе өз көзқарастары тұрғысынан масон  ашатын кішігірім ғылыми жұмыс.

«Мұндай жұмыстың тақырыбы – рухани және материалдық байлықтың теңгерімі», - дейді Берік Жұбанияз. Шынымен-ақ көптеген адамдар материалдық жағынан кедей болғанымен, рухани жағынан  өсуде. Немесе керісінше. Бұл ретте руxани  және материалдық байлық арасындағы тепе-теңдікті табу маңызды. Ал егер біреу жеке пайда табу үшін бауырластыққа кіруді қаласа, мысалы, пайдалы байланыстар жасау үшін. Масондардың айтуынша, байланыс - ұйымға жағымды бонус. Алайда ол ұйымда ұзақ уақыт болмауы мүмкін екен. Ондай адамдар біршама болған көрінеді.

Сергей Кравченко түсіндіруі бойынша : «масоньерлік – бұл құпия ұйым емес, оның қызметі ашық. Мұндағы ерекшелік лажаның жұмысы мен масондық бауырластары туралы әңгіме туралы айта алмайды – бұл екі ереже бүкіл әлемде 301 жылға қатаң сақталды». Айтпақшы, масондық – әлемдегі ең көне қоғамдық ұйым деп саналады.