Саясат

АҚШ-тың қысымына шыдамаған мемлекет Ираннан мұнай импорттауды тоқтататынын жариялады

Иран өзіне өте сенімді екенін білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс шиленісіп, шегіне жетуге шақ қалды.АҚШ-тың әскери кемелері Парсы шығанағына басып кіріп, соғыс ашуға және Иранның территориясын соғыс майданы етуге дайын кейіп танытып еді, Иран да оның бұл әрекетіне еш қаймықпайтын сыңай танытты. АҚШ пен Иран арасындағы соғыс қаупі күшейіп, оған қатысы бар әр ел өз майданын анықтауға кірісе бастағандай.

Бұдан бұрын Еуропалық Одақ Иранның мұнайын импорттауды тоқтатпайтынын жариялаған, сондай-ақ АҚШ-ты ұстамдырақ болуға шақырған болатын. Былай қарағанда Еуроодақ Иранға жақтайтындай көрінген. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Себебі түсінікті. Еуроодақ Иранға бола өздерінің ең үлкен одақтасын ренжіткісі келмейді. Әсіресе АҚШ-тың соңғы екі қадамынан кейін Еуроодақтың ұстанымы өзгере түскен сияқты.

АҚШ мемлекеттік жоғары кеңесі мамырдың 24-і мәлімдеме жариялады.Мәлімдемеде мемілекеттік хатшы Помпео Америка құрама штаттары таяу шығыстағы әскер санын 1500 адамға көбейтетінін жеткізді. Бұл сан көп емес, бірақ Иран үшін әлде қайда қауіпті. Өйткені бұл АҚШ-тың соғысуға дайын екендігінен дерек береді. Бұдан бұрын БАҚ-тарда АҚШ Иранға 100 мың әскер жібермекші деген хабар тараған болатын. АҚШ президенті Трамп бұл туралы өз сөзінде: "Бұл жалған хабар, егер Құрама штаттар шынымен әскер жібергісі келсе, 100 мыңнан әлдеқайда көп болады!", – деді. Бұдан АҚШ-тың осы жолы әрекетке шындап кіріспекші болғанын байқау қиын емес. Иранға әскер жіберуден тыс, АҚШ Иранның айналасындағы Иранға қарсы әскери күштерді нығайту үшін таяу шығыс елдеріне, соның ішінде Иорданияға, Сауд Арабиясына және Біріккен Араб Әмірліктеріне 8,1 миллиард доллар тұратын қару-жарақ сатуға арналған шешеімді Мемлекеттік Кеңестің мақұлдауынан өткізген болатын.

Алғашында Ираннан мұнай импорттауды тоқтатпаймыз деп мәлімдеген, 1,3 миллиард халқы бар Үндістан АҚШ-тың Иранға шабуыл жасау ниетін байқай сала бұрынғы райынан қайтты. 23-і мамыр күні Үндістанның АҚШ-тағы елшісі Халс Уолден Шринла Үндістанның Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтырмау үшін Ираннан шикі мұнай сатып алуды тоқтатқанын мәлімдеді. Сайып келгенде Үндістанның бұл әрекеті Американың қысымынан туындағаны айдан анық еді. Үндістанның мәлімдемесінен бір күн бұрын Түркия да өздерінің Ираннан шикі мұнай импорттауды тоқтататынын жариялаған болатын. Түркия Иранды оқшаулау орынды деп санайды.

Қазіргі жағыдай Иран үшін өте қолайсыз болып саналады.Себебі, бір жағынан АҚШ әскери қысымға алса, екінші жағынан серіктестері бірінен соң бірі сырт айналуда. Экономикалық кіріс көзінен айырылса және әскери қысымға ұшыраса, Иранның шыдас бере алуы екіталай.Алайда Иран қанша қысымға ұшыраса да "Иран соғыс бастамайды,соғысудан да қорықпайды" деген майданында берік тұратынын білдіріп бағуда.

Иран президенті Рохани былай дейді: "Иран бомбалауға ұшыраса да, Құрама Штаттардың қысымынан ешқашан тайсалмайды және ешқашан өз мақсатынан бас тартпайды". 

25 мамырда Иранның жоғары дәрежелі әскери басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұқпатында егер Иранды шарасыздыққа итермелесе Американың әскери кемелерін жасырынқаруды пайдаланып суға батырып жіберуден тайынбайтынын мәлімдеді. Бұл құпия қару Баллистикалық зымырандар. Бұл зымырандар Иранның ең соңғы киллері болып саналады. Иран өзіне өте сенімді екенін білдірді.