Саясат
Осылайша еліміз 34-орыннан көрінді
«Бұл жергілікті тұтынушылар нарығында таптырмас айла тәсіл», – дейді маман.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған сұрақ бойынша Үкіметмен кеңесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елде қағаз өндіретін жаңа кәсіпорын ашылуы мүмкін. Бұл туралы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов хабарлады.
Оның айтуынша, 2015-2018 жылдары қағаз бен қағаз өнімдері өндірісі айтарлықтай артқан және алдағы жылдары қарқын үдей түспек. Өндіріс көлемі 45 млрд теңгеден 58 млрд теңгеге дейін өскен. Мәселен, 2019 жылдың алғашқы төрт айында қағаз өндіру көлемі 21 млрд теңгені құрады.
Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көрінді
Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады. Орталық ұсынған мәліметке сай, еліміз биылғы рейтингте 4 сатыға жоғарылап 34-орыннан көрінді. Қызығы сол, Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей де бар. Көшті Сингапур бастап тұр, екінші орында – Гонконг, үшінші – АҚШ, төртінші сатыда – Швейцария, бесінші орынға Біріккен Араб Әмірліктері жайғасқан. Ал көш соңын Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла түйіндеп тұр. ТМД елдері ішінде Ресей 45, Украина 54-орынға тұрақтады. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген болатын. АМD рейтингі бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму деңгейін, үкімет пен бизнес тиімділігін және инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.