Саясат
Жаздың бірінші күнінде тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бері халықаралық мәртебелердің бірі болып саналады. Бұл мерекені атап өту туралы шешім 1949 жылғы қарашада Халықаралық әйелдер айдары федерациясының арнайы сессиясында қабылданған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп отыру үшін жазалауды қолданады. 2-17 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде және мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға арналған мектептерде байқалады.
Зорлық-зомбылықтың бейнесі өте таныс – бұл ата-аналар, қамқоршылар, көршілер, туған-туыстар, яғни балалар танитын және сенетін адамдар. Зорлықтың қорқытумен қатар жүретін "шапалақ" сынды көптеген формалары бар.
2018 жылда 1 млрд кәмелетке толмаған балалар, бұл әлемдегі балалардың жартысы эмоционалды, физикалық және сексусалды зорлықтың құрбаны атанған.
Егер зорлық көрсету қоғамда "қалыпты жағдай" болып санала, ол балаға зиян тиіп жатқанын және оның салдары өмірінде дақ болып қалатынын білдіреді.
2016 жылға дейін әлемдегі 50-ден аса мемлекетте заңдық тұрғыда балаларды қатаң жазалау формаларына тыйым салды. Дене зақымына тыйым салған мемлекет балаларға жәбір көрсетудің қолайсыздығын айқындайды. Бұған мысал ретінде Швеция мемлекетін айтуға болады. 1979 жылы Швеция заң жүзінде физикалық жазалаудың барлық әдістеріне қатаң тыйым салды.
Балалар зорлық әрекеттерде өздерін кінәлі деп санайды.
Біздің қоғамға балаларға жәбірлік көрсетуді заңдық деңгейде жазалау қажет. Әдеп пен заңдардың ережелері ата-аналарға түсіндіріліп, жазалаудың альтернативті тәрбие құралдарын оқыту қажет. Ата-аналарға арналған "позитивті ата-аналық ету" сынды бағдарламалар жасалып, оларды барынша түсіндіріп, балалардың қамқоршыларына жазалаусыз да балаларға сабақ беруге болатынын түсіндіру. Мәселен, бұл бейнероликт Қазақстандандағы ата-аналардың тәрбие құралдарының қай түрін таңдайтынын көруге болады.
Ойланайық, балаға қол көтермес бұрын оның өміріне қандай естеліктер мен комплекстерді қалдыратыныңызды елестетіңіз.
https://www.instagram.com/p/BxZMHfrJPkl/?utm_source=ig_web_button_share_sheet
Осыған сәйкес, тағы бір керемет бейнероликпен бөліскім келіп отыр. Бұл бейнероликте Голливуд жұлдызы Мэрил Стрип жүректі елжіретінін сөздерімен, менің мақаламның басты идеясын жеткізеді. Есіңізде болсын,
Зорлық зорлықты тудырады
https://www.instagram.com/p/BxusI9undpB/?utm_source=ig_web_button_share_sheet