Саясат

Аштық жариялаған аналар туралы неге жазбайсыңдар?

Шөкпесін мұзға Аруана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сендер біз тек шындықты жазамыз дейтін едіңдер ғой. Шындық керек болса аштық жариялаған аналар міне, жатыр ғой, неге осыны жазбайсыңдар? Әлде сендердің көздерің мұндайды көрмейтін шығар?...(1999 жылғы 12-17 сәуірде Арал қаласында аштық жариялаған аналардың айтқан кездерінен).

1999 жылғы 12-17 сәуір күндеріндегі аштық жариялап, алаңда жатқан Аралдық аналар көз алдыма келеді. Ол республикамыз, облысымыз үшін пәлендей көрінбегенімен аралдықтар үшін ұмытылмас оқиға, ел есінен кетпейтін елеулі кез болып қалды.

Ол қалай болып еді? Бәрі де ауданға белгілі 167 миллион теңге балалар жәрдемақысынан басталды. 1998-1999 жылдың жәрдемақысын талап еткен бір топ аналар облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына барады. Ондағы лауазымды қызметкерлер «Арал ауданына 167 миллион теңге бөлінді, оны енді солардан талап етіңдер»-деп шығарып салады. Ауданға келген аналар сол қаржыны талап етіп тиісті орындардан түсінік таппай таулары шағылады. Оның соңы аналар толқуына ұласып 1999 жылдың 12 сәуірінде алаңға шығуына әкеліп соқтырады. 

«Жәрдемақы қолымызға тимейінше алаңнан кетпейміз» деп, кесім айтқан аналар, аудан әкімі мен орынбасары және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымының жүргізген түсіністік жұмыстары нәтижесіз қалды.

Аралдық аналардың аштығы жалғаса берді. Аналар ақыры алаңнан шығып,шеру тартып,сәуірдің 16-сы күні сағат 17-ден 25 минут өткенде теміржол рельстеріне отырып, жолды жауып тастады. Теміржол қатынасының тоқтауы ауданда үлкен алаңдаушылық тудырды. Ашынған аналар басу айта келген аудан активтерін де, көршілес Қазалы ауданынан келген өкілдерді де тыңдамады. Өз талаптарын тастай бекінген аналар сәби қолы аймалаған асыл кеуделерін мұп-мұздай темір жол табанына төсеп, тарамыс қолдары рельсте айқасып жатты. Көздері боталаған аналардың көмейлерінен жалын атқылады. Осы бір сәт бейне аруаналар мұзға шөккен шақ болды.

Екі мәрте соғылған ұялы телефонның дауысыда мені Жұмабай Жақыптың «Аруаналар мұзға шөккен күн» әңгімесінен шығарып алалмай жатыр. Бар ойым осы әңгіменің соңы қалай аяқталды, енді нендей оқиғамен ұштасады екен?! Көп балалы аналар оқиғасы қазіргі таңда да өзекті мәселелердің бірі емеспе. Жаңалықты қарасың 21 мың теңгенің әлегі... Жұмабай ағамыздың әңгімесі немен тәм болады екен?

Қызылордадан облыс әкімінің орынбасары бастаған облыстық бірқатар мекеме басшылары бар тез-ақ жетті. Аналардың темір жолдағы толқуы таңертеңгі сағат алты жарымға дейін созылды. Қырғыз елінің 17-ші поезі Аралда 14 сағат ұсталды.

Күндізгі сағат 11-ге жуық тікұшақпен облыс әкімі Б.Сапарбаев келіп, бәрі бірлесіп, аштық жариялаған аналармен, аудан халқымен кездесу өткізді. 1998-1999 жылдың балалар жәрдемақысы сәуір айынан бастап төленетініне уәде берді.

Аналардың мәселесін шешкен азамат тарихта алтын әріптермен жазылып қалатыны сөзсіз. Бұл әңгімедегі шешілген мәселе жанымды бір жадыратып қойды. Тіпті жанымдағы кісі –неге мәз болып отырсың ?-деп те қалды. 1998-1999 жылғы жылдың балалар жәрдемақысын шешкен кісіге мың алғыс. 2019 жылғы аналар мәселесін шешіп, алла қаласа енді бір он жылдан кейін тағы бір жазушымыздың шығармасында қауышқанша!