Weekend

Үміткерлерге: Сенбесеңіз, өмір көрсетеді

ҰБТ – өмір майданының бастамасы. Қарусыз майданға бірің ерте, бірің кеш кіріп, бақтарыңды сынап, баптарыңды айқындамақсыңдар. «Ораздының баласы он бесінде баспын дер, Тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын дер» дейді, жұрт. Ақыл деп топшаламаңыз, ойыңызға от түсіретін сауалдар мен мендегі бастан өткен ғұмырды байланыстырып кішігірім кеңес айтайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


ҰБТ-дан жоғары балл жинамасам ата-анам алдындағы абыройым түседі

Көкейіңіздегі алғашқы сауал осы болар. Сіздер ойлайсыздар, оқуға түсу ол жоғарғы мансап, көп ақша, атақ-абыройдың кепілі деп. Ата-анаңыз түсе алмай қалған оқу орныңызға 1 жылдың білім ақшасын төлеп, түсірсінші. Ақылы бар адам болсаңыз, өзіңіз оқып «грант иегері» атанасыз. Не болмаса, жұмыс істеп, оқу ақшасын өзіңіз төлейсіз. «Мұндай болу қайда деп, Айтпа, ғылым сүйсеңіз» дейді ме, Абай атамыз. Бас шайқап, «қайдағы жұмыс, қолдан келмейді» дерсіз. Деп алыңыз. Ал студент болғаныңызда, «Сіз өзіңізге ұқсамайсыз». Студенттік шақтағы «балмұздақ» кезіңіз (Университет табалдырығын аттаған студент бірінші семестр бітпейінше «Балмұздақ» атанып жүреді. Жаңа жылдан кейін ғана заңды түрде «студент» атанады) сіздің ең қорқақ шағыңыз. Ал қазақта «Қорқа-қорқа қасқыр болдық» деген жақсы сөз бар. Қазірде кеудеңізге тыныштық бермейтін ата-ана алдындағы парыз сізді отқа да салады, шоққа да салады. Солай от боласыз, жанасыз. Сенбесеңіз, өмір көрсетеді...

Төмен балл жинап қалсам...

Негатив ой. Маңдайға жазғаны. «Басқа түссе- баспақшыл». Төмен балл жинау-сіздің оқымағандығыңыз, дұрыс дайындалмағандығыңыздың дәлелі емес. Ол тек маңдайға жазылған тағдырды жұмыр басыңыз бастан кешуде. Тағдырдың маңдайға жазғаны екен деп, аяқты көкке көтеріп алып, даңдайсып кетуге де болмайды.

-        Дайындалыңыз;

-        Жақсы ниетте болыңыз;

-        Адамдығыңыз бен иманыңыздан ажырамаңыз;

-        Уақытты құр босқа кетірмеңіз;

-        Артық уайым мен қайғыдан аулақ болыңыз;

«Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос, озсаң да олжалысың, қалсаң да олжалысың» дейді Төлен Әбдік «Біз үшеу едік» шығармасында. Сіздің де атыңыз бәйгеде бақ сынаса қалай?! Онысын өмір көрсетет жатар...

Дайындалуым керек

Күндіз-түні тынбай дайындалу асқан ақымақтық. Дәл солай көп дегенде бір ай шыдарсыз, күндер өтіп шаршайсыз. Жуырда ғана бір ұстазым «Журналист- техника болу керек. Бірақ, бұзылмайтын техника» деп еді. Тек журналист емес, адам «техника» болуы керек. Ал сізге «техника» болуға әлі ерте. Біз секілді ақыл тоқтатып, өткенді барлаған кезіңізде «достарыңызбен, ата-анаңызбен өтетін көп уақыттың сабаққа дайындалып есесін кетіріп алғандығыңызды байқап, «қап» дейсіз. Сенбесеңіз, өмір көрсететді.

Сіз өмір майданының қақпасының алдында жүрсіз. ҰБТ болған күн, өтіңіз, мейлі өтпеңіз, қақпа автоматты түрде сізге айқара ашылады. Ал ойнаңыз. «Ауызға келген қақырық, жұтылса егер махруқ» дейді ғой. Реті келгенде айта кетейін, айтыскер ақын Мұқтар Нияз «Өмір дегенің корнавал емес, Маскаларыңды шешіп жүріңдер» дейді. Соғыста барынша «маска» кимеуге тырысыңдар. Кезі келгенде өздерің ұятты болып қаларсыңдар. Сенбесеңіз, өмір көрсететді...

Балым жеткеніне түсе салайын

Неткен сұрқия сөз. Сіздің өміріңіз бен болашағыңыздың күл талқанын шығаратын, бала арманыңызды айрандай төгетін сөз. Болашағыңызды баянды етіп бағдарласаңыз, мұндай ойға келмеңіз. Келе қалған екенсіз, тез ойыңыздан тайқып шығыңыз. «Сөзінде тұрмау» деген тактиканы пайдаланыңыз.

Осынша жыл жақсы оқып, дайындалғанда еш бір жерге түсе алмай қалды, «Мұғалімнің баласы болғасын, жағасы-жайлау жүргенде», «Аты бар қалаларды таңдап несі бар, солтүстікке кетпеді ме?!». Бүгін сізге күлген адамның ертең басына іс түседі. Сіз күлмеңіз. Неге екенін өмір көрсетеді...

Аллаға сыйыныңыз, сеніңіз. Ең қайырлысын береді. Сенбесеңіз, өмір көрсетеді...

(118 баллмен «Алтын белгі» болмағандықтан бірінші тізімге ілінбей қалдым. Ата-анамның алдында абыройым түсіп көрмеген қыз, бүкіл мектеп бетіне қарап, атын ардақтап, мақтап, мадақтап жүрген қыз, достарының арасында журналист, туыстарының арасында қаламгер атанған қыз- бір күнде-ақ тағынан түсіп қалды. Әженің қызы болғасын әке-шешенің алдында көзімнің жасы ағып көрмеген мен, өмірімде алғаш рет анамың құшағына тығыла кетіп, емірене жыладым, егіліп жыладым, өртеніп жыладым. 17 жылдан бері «ақ» дегені алдынан табылып келе жатқан қызды анасы «қызым, өмірде бәрі сен ойлағандай бола бермейді. Сүрінесің, құлайсың, жылайсың, қиналасың. Сосын, ештеңе болмағандай қайта тұрып, өмір сүре бересің, Алланың жазғаны болады, болды, басқа ештеңе» деп жұбатты.

Шәй үстінде анам:

-        Қандай мамандыққа түсірейік, қызым?- дейді.

-        (Үнсіздік). (Жаңалықтан «тізім қайта шығады» дегенді естіп алғамын, демек, үмітім әлі бар)

-        Қандай мамандыыық?

-        Оқымаймын, ештеңе. Тойға шығып ақша табамын.

Сонда әкем, «Журналист болғың келді ме, түсіремін, еш қорықпа. Малды сендер үшін бағып, сендердің болашақтарың үшін асырап отырған жоқпыз ба?! – деді.

-Қандағы қырсықтық қара жерге кіргенімде, өзіммен қатар кірер.

-«Платный оқымаймын» - деймін, жапатармағай.

Ертесіне көзім көретін өмір екен, Егемен Қазақстан газетіндегі гранттар тізімінде ҚАзҰУ, ЖУрналистика факультетіне 118 баллмен түскен Альфия Адамбектің есімі жүр. Ал, қуан.

Мұнымен не айтқым келеді, кеудеңіздегі үміт оты сөнбесін. Ия, Егемен Қазақстанда үш күннен кейін сіздің есіміңіз шықпайтын шығар, бірақ әр істің өз қайыры болады. Сіз грантқа түспегенің үшін емес, түсе алмай қалғаныңыз үшін қуанатын боласыз. Сенбесеңіз, өмір көрсетеді.

Ендеше сәттілік, жас түлек!