Экономика

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебі жайлы шындық

Секта ма әлде кәсіпкерлік мектеп пе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта тенденцияға айналған тақырып – кәсіпкерлік. Дәл осы бағытта тренерлер және олар өткізіп жатқан курстар өте көп. Бір жағынан қуантарлық жағдай, бір жағынан бұлай болуы заңды құбылыс. Америкада бастау алып, Европада жалғасып Ресей арқылы бізге жетіп халық назарын өзіне аударуда. Мемлекет экономикасының тұрақтылығы мен дамуында орта және шағын кәсіпкерліктің рөлі жоғары екендігін дамыған мемлекеттер дәлелдеп берген. Сондықтан кәсіпкерлік білімнің қажет екендігі сөзсіз.

Жоғарыда айтқанымыздай кәсіпкерлік оқыту саласында бірнеше мектептер қалыптасты. Олар «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі, «Versus» академиясы, «Арманда» академиясы және т.б. Ең танымалы – «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі. Бүгін осы мектеп туралы айтып өтетін боламыз.  

Мектептің негізін салушы әрі бас спикері – Ахметбек Нұрсила. Бірнеше кәсіпті жолға қойған 20-30 жылдық тәжірибесімен бөліседі. Негізгі жүйесі ресейлік «Бизнес молодость» мектебінен алынған. Одан бөлек оқыту жүйесінде Шыңғысхан әскерінің бөлінісіндей ондыққа және жүздікке бөлінеді. Бұндағы негізгі мақсат – тәртіп орнату. «Тәртіпсіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұстанымды байқауға болады.

 Тағы бір ерекшелігі рухты патриоттық тақырыптағы әндерге секіріп билеу. Сырт қарағанда секта деп ойлап қалуға болатындай. Бірақ оның да түпкі негізінде ғылыми негіз бар. Қалай дейсіз бе? Адам денесінде бақыт гормоны аталатын 4 түрлі гормон бар. Белгілі бір іс-әрекет не оқиға, сыртқы көріністер барысында осы гормондар бөлінуі нәтижесінде адамның көңіл күйі көтеріледі.

Біріншісі дофамин. Бұл мақтаныш, рахат, бақыт сезіміне құштарлық, қалау сезімі. Айналаңыздан сіз қалаған, сізге ұнайтын жақсы нәрсені немесе біреудің қуанғанын көргенде адам миында дофамин бөлінеді. Махаббат, сүйіспеншілік, жақсы көру, бақыттан басы айналу сияқты сезімдер осы гормонның бөлінуінен туындайды. Нейробиологиялық эксперименттерде дофамин адам өткендегі не болашақта болатын жақсы нәрсені ойлаған кездеде бөлінетіні дәлелденген. Адамға қолдау, мақтау, үміттендіру арқылы дофамин тудыруға болады. Ахметбек ағамызда осы тәсілді кәсіпкерлікке баулуда сәтті қолдануда.

Екіншісі – серотонин. Көбіне «бақыт гормоны» деп атайды. Қатты қуанғанда, таң қалғанда, құрметтегенде, жеңіске жеткенде туындайды. Физикалық жаттығулар, терең демалу, дем мен жүрек соғысын қалпына келтіру арқылы серотонин бөлінуіне жағдай жасауға болады. Серотонин жетіспеген жағдайда адам депрессияға түседі. Осы гормон бөлінуі үшін де Бизнес бастауда әртүрлі жаттығулар, сайыстар ұйымдастырады.

Үшіншісі – окситоцин. Сенім гормоны деп аталып жүр. Құшақтасқанда, бірлескен ойын-сауық кезінде, жақын адамдармен байланыс кезінде туындайды. Осы гормонның арқасында адам бойында қасындағыларға сенімділік көбейіп, қорқыныш азаяды. Адами қарым қатынас күшейеді.

Төртіншісі – эндорфин. Стресске қарсы қорғаныс ретінде бөлінеді. Спортпен айналысу әсіресе секіру, музыка тыңдағанда т.б жағдайларда бөлініп адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

Енді қараңыз музыка тыңдап, секіріп билеп (спорт ретінде қарасаңызда болады), құшақтасу арқлы адам бойында осы бақыт гормондары бөлінеді. Соның арқасында адамның көңіл күйі жақсарады. Бұл гормондардың денсаулыққа жақсы әсері жайында да көп ақпарат айтса болады. Осы арқылы адамның мақсатқа ұмтылу, ерік-жігер күшін арттыруға арналған іс-әрекет жасау арқылы «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебі қазақ баласының жетістікке жетуіне барын салуда.