Түркі әлемі

Түркілердің қысымымен Батыс Еуропа елдері теңіз жолын ашуға мәжбүр болды

Жеңіс әлде тарихи трагедия?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XV ғасырда батыс еуропа елдерінің тауар экономикасының жаппай өркендеп, сауда айырбасының артуына байланысты алтын тауар саудасында басты айырбас құралы болды да, шығыс елдерінің алтыны батыс еуропалықтардың арманына айналды.

Алайда бұл кезде Түркілердің Осман империясы бүкіл еуразия құрлығында шығыс пен  батыстың маңызды сауда жолдарын өз шеңгелінде ұстап тұрған еді. Ол кезде түрік имрериясы бүкіл дүние жүзі экономикасының күре тамырын өз қолында ұстап  тұрды. Осылайша батыс еурапа елдері еуропа құрлығының шығысы мен батысы арасында сауда-саттық пен айналысып, Алтын, жібек,дәмдеуіштер,зергерлік бұйымдарды тасымалдау үшін Түрік империясының рұқсатын алып,қыруар салық төлеп отыруға мәжбүр болған.

Осы себепті батыс еуропа елдері шарасыздан шығыстағы Индия, Жапон және  Қытай елдеріне баратын жаңа жол іздеуді бастады. Оның ішінде Испания мен Португалия бірінші болып тәуелел жасап теңіз жолын іздеуге кірісіп кетті. Батыс еуропа елдерінің отарлау тарихы да осы кезден бастау алған еді.

Жаңа теңіз жолының ашылуы еуропа экономикасына жаңа серпін беріп,базар әлеуеті күннен күнге артып,сауда аумағы кеңейіп бүкіл дүнине жүзін шарпыды. Айналымдағы тауардың түрі де арта түсті. Нәтижесінде Испания, Португалия, Италия, Голландия, Англия қатарлы елдер бірінен соң бірі Экономикалық өркендеу дәуіріне аяқ басты.

Алайда осының нәтижесінде Түрік әлемі біртіндеп әлсіреу дәуіріне аяқ басты. Сонымен қатар жаңа теңіз жолының ашылуы көптеген отарланушы елдерге орны толмас апат алып келді...