Достар, елдегі жағдай қарқынды дамуда. Күн сайын жаңа оқиғалар орын алып, жағдай күрделене түсуде. Маған көптеген сұрақтар келіп жатыр. Олардың ішінен жиі қойылатын сұрақтардың бiрiне жауап бергiм келiп тұр.
- Демократияға көшкен қандай елдер біз үшін үлгі бола алады?
Салыстырма түрінде біз посткеңестік елдерді ғана ала аламыз, өйткені біздің менталитет осы елдермен ұқсас. Ең алдымен, менталитеттегі айырмашылық бізге Қазақстанды басқа, мысалы араб немесе Оңтүстік Америка елдерімен салыстыруға мүмкіндік бермейтіні рас, алайда авторитаризмнен демократияға көшу үдерiсі мен әдістері тарих бойы өзгерген жоқ.
Грузия,Армения, Украина және Қырғызстан - осындай транзиттік кезеңнен өткен 4 ел
Менің ойымша, билік көшуінің ең жақсы үлгісі ол Армения. Бірақ олардың біздің елден айырмашылығы, сыртқы факторлардың болмағандығы, АҚШ, Ресей, Қытай және т.б. сияқты саяси ойыншылардың елдің ішкі жағдайына араласпауы. Сондықтан үдерiске, қатты болмасада, тек қана Армения ішіндегі кландар әсер етті. Сонымен қатар, ол жерде бұған дейін бірнеше президенттер ауысқанын ұмытпағанымыз жөн. Республика 2015 жылдың соңынан бастап парламенттік деп жарияланды, уақыттың тығыздығына байланысты соңғы президент ол жақта қатты нығая алмады. Осылайша, Армениядағы биліктің ауысуы үлгілі болса да, бұл сценарий Қазақстан жағдайына келіңкіремейді.
Қырғызстан мен Грузия елдеріндегі жағдай да біздікіне келері екі талай. Себебтердің негізгілеріне келсек, біз ауысқан президенттердің күшті болмағандығын, мемлекеттердiң кедейлігін және де елге деген сыртқы күштердің геосаяси қызығушылығының болмағандығын жатқыза аламыз.
Ал Украинадағы жағдай бізге жақын. Неге десеңіз, Украина - үлкен экономикалық әлеуеті бар, кландары мен олигархтары көп, ал ең бастысы Ресей, Еуропа және АҚШ үшін геосаяси қызығушылығы бар үлкен ел. Көріп отырғаныңыздай, Украинада барлығы тамаша емес. Менің ойымша, онда үдерiс әлі де толық аяқталған жоқ. Өйткені президенттік сайлауды жеңіп, билікті алу - ол тек қана бiрiншi сат. Елді сауатты және дұрыс басқару ол күнделiктi басқа қасиеттердi талап ететiн ауыр жұмыс. Қазір бұл елде, жеңістен кейiнгi эйфория кете салысымен, күн сайын көпшілікке мәлім емес, жалықтырар реформалармен айналысу қажет. Бұл уақыт олардың ең ауыр кезеңі болмақ. Халық дұрыс реформалардың жемісін көре бастағанда Украина толығымен сауығып кетті деп айта аламыз.
Қазақстан бейбіт уақытта ең жақсы, ал тұрақсыз уақытта ең нашар геосаяси орыннын иесі болып табылады. Бейбіт уақытта, біз өзіміздің орналасуымыздан керемет пайда ала аламыз. Ал тұрақсыз уақытта, сыртқы күштер біздің артықшылығымыздан айыруға тырысады. Не елді, не жерiмiздiң бір бөлігін басып алуға, не ел басқаруға өзінің бақылауындағы адамдарды қоюға тырысатын болады. Ал енді, негізгі ойыншыларды қарастырайық.
Ресей
Қазақстан өзінің үлкен аумағымен бүкіл Орта Азияны Ресейден бөліп отыр. Оны не айналып, не ұшып өту мүмкін емес. Егер Қазақстан Ресейден бөлініп кетсе, онда бүкіл Орта Азия Ресей үшін қол жетімсіз болады. Екінші жағынан, Қазақстан, Ресей мен ислам елдері арасындағы буфер болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресейге деген әскери және ғарыш саласындағы стратегиялық маңызыдығы бар. Мен тіпті мұнай-газ ынтымақтастығы туралы айтпай-ақ қойсам болады. Түсінгендеріңізше, Ресей үшін Қазақстаннан одақтас ретінде айырылу, Татарстанның бөлінiп Ресейдiң бытырағанымен бірдей болады. Ресей өз азаматтарын ешқашан да бағалаған емес. Орыс халықының қысымшылық факторын олар тек қана Қазақстанға қарсы өзінің достық емес әрекеттерін ақтауға себеп қылуы мүмкін.
Қытай
Қытай үшін Қазақстан өте маңызды, себебі олардың солтүстік-батысын дамытудағы жаңа бағдарламасы (қысқаша СУАР) - Еуропаға темір және автомобиль жолдарын қамтитын Жаңа Жібек жолы, негізінен Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қытай үшін СУАР бағдарламасы - миллиардтаған долларлық жоба. Маңызын айтпай-ақ қойсақ та белгілі. Көлік-логистикалық мүдделерден басқа, Қытай Қазақстанға энергия ресурстарын жеткізуші ретінде үлкен қызығушылық танытады.
Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ компанияларының үштен бірі қытайлықтарға тиесілі. Қытай Қазақстанмен Шығыс шекарада 80 млн.-ға жуық халқы бар СУАР бағдарламасын дамытты. Олар теңіз жолдары мен энергия ресурстарынан алыс, сондықтан Қазақстан олар үшін аса маңызды. Қытайдың Қазақстанға деген жоспарлары өте көп, бірақ мен ең маңыздыларын атап өттім.
АҚШ
Ресей мен Қытайдың қызығушылықтарын көре отырып, АҚШ-та артта қала қоймас. Саяси қызығушылықты ысыра тұрғанның өзінде мұнай-газ секторы инвестициялар түрінде АҚШ-тың жауын алады. Негізгісі, ол Шеврон компаниясының інжу-маржаны болып табылатын Теңіз мұнай кен орны, онымен қоса Қашаған бар. Көріп отырғаныңыздай, Қазақстан АҚШ үшін осы өңірдегі маңызды ел. Егер Қазақстан Ресейден алшақтаса, онда бұл АҚШ-тың жеңісі болады.
Жоғарыда аталған геосаяси ойыншылардың қызуғушыларынан басқа мұнда Еуропа, Түркі әлемі, Орта Азия, ислам әлемінің және т.б елдерінің мүдделері бар.
Қорытынды жасасақ, біз геосаяси мүдделердің шоғырлануының алаңындамыз. Сондықтан Қазақстанды Украинамен де, Грузиямен де, Армениямен де, Қырғызстанмен де салыстыруға болмайды. Мұнда барлығы басқаша болады, өйткені мұнда барлық геосаяси ойыншылардың қызуғушылақтарын ескеру керек. Ішкі мәселелер туралы да ұмытпау керек.
Егер қазақстандық қоғамға қарайтын болсақ, ол өте сегменттелген, ыдыратылған. Қазақ, орыс тілді, мұсылман жастарының, қалалық жастарының, қанағаттанбаған ауыл жастарының топтары бар. Көптеген клан топтары бар. Рулар, жүздер, басқа ұлт топтары бар. Яғни ел ішінде біз де біртұтас емеспіз. Қазақстан моно ұлт тұратын ел емес екенін тағы да ескерген жөн.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, біздің бірлігіміз, аумақтық тұтастығымыз және тәуелсіздігіміз, еліміздің кез келген адамы үшін, оның кім болғанына қарамастан, ең жоғары құндылығы болуы тиіс екенін ерекше атап өткім келеді.
Қандай әрекет жасамасаңыз да, кез келген жағдайда осы үш құндылықты есте ұстап жүрiңiз. Біз қан төгуге, азаматтық соғысқа не тәуелсіздігіміздің жоғалуына жол бермеуіміз керек.
Марғұлан Сейсембай facebook парақшасынан алынды