Саясат
Елорданың бұрынғы әкімі
"Көзді ашып-жұмғанша тоғыз ай өте шықты. Тоғыз айда сәби де дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде мен мұнда өмір сүріп, жұмыс істеп жақсы өмір табуға тырысқан адамдардың тағдырлары мен ұмтылыстарының алуан түрлілігін және өзім 21 жылдан астам уақыт өмір сүрген қаланың шаруашылығы қаншалықты күрделі екенін түсіндім. Осы айларда мен тұрғындармен өте көп кездестім, алданған үлескерлер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың мәселелерін шешуге тырыстым, көптеген әлеуметтік объектілер мен тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдарына бардым. Көптеген мәселелердің биліктің жұмысы жолға қойылған барлық деңгейінде шешілуі керектігіне көзім жетті. Әрбір істі жүзеге асыруды созбалау әрине болашақ үшін ұтымы жоқ. Сондықтан да мен жылдам әрі бірегей шешім қабылдауға тырыстым. Алайда шешімдер сіз бен біздің бәріміздің ойымыздағыдай немесе дер кезінде бола қоймаған болса кешірім өтінемін. Бірақ балаларым мен немерелерім өсіп жатқан қалаға деген сезімім күшейе түсті", - деп жазды Бахыт Сұлтанов.
Сұлтанов жиырма жыл ішінде қаланың он процентiн де көрмегеннін айтады.
"Енді қаланың шет-шетін аралап, мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлгенімде, ағаштың жапырағына қарап, орманды көру керек, ал орманға қарап, ондағы жапырақты көре білу керек деген ескі даналықты ерекше түсіндім. Сондықтан қайда болсам да, қандай лауазымда болайын, мен өзімнің сүйікті қаламның мәселелерін шешуге және қарқынды дамуына әрқашан көмектесуге тырысамын. Өйткені, біз әлемдік астаналардың бірі болуына ұмтыламыз. Мені қала әкімі етіп тағайындаған кезде балаларым туысқандарға:
"Енді тротуарда жатқан қағаз немесе темекінің тұқылын көрсеңіздер, дереу көтеріп, қалталарыңызға салып алыңыздар да сосын қоқысқа тастаңыздар!" деп қалжыңдаған болатын. Бұл жай қалжың емес, біздің барлығымыз үшін нағыз үлгі болар жол болуы тиіс. Үнемі сүйікті қаламыздың тазалығы мен тәртібін сақтайық! Барлығы өзімізден басталады. Бүгіннен бастап мен өзімді белсенді әрі "тәжірибелі" қала тұрғындарының қатарына қосамын. Мен елорда басшысы қызметінде болған кезде маған қолдау көреткен, алдыма күрмеулі мәселені айтып, шешімін талап еткен баршаңызға зор алғысымды білдіремін! Бұл мен үшін асқан жауапкершілікке толы тәжірибе болды. Сенім артқан Елбасыға, мемлекет басшылығына алғысымды айтамын! Мен әрқашан қолыма ұстатқан «кіршіксіз мөлдір тостақты» сындырмай, оны сырып алмай, мүлтіксіз таза қалыпта ұстауым керек деген сенімде, аса бір жауапкершілік күйде болдым. Жаңа белестерде кездескенше!", - деп жазды Бахыт Сұлтанов.
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.13 маусымда Қазақстан Президентінің жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін ол Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Бахыт Сұлтанов елордалық әкімдіктің басшысы қызметін 2018 жылдың 11 қыркүйегінен бері атқарып келді.