Экономика

АҚШ-тағы азамат соғысы немесе Линкольннің құпия өлімі

Мәселенің басында не тұр: ақша

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1861-1865 жылдар арасында болған Америкадағы азамат соғысы солтүстіктегі жалдамалы еңбек пен оңтүстіктік штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туындады. Бұл тарихи деректер мен түрлі ақпараттар көздері беретін тұрақты жауап қана. Шындығында Америкадағы азамат соғысы қайдан басталды? Қаржының қандай қатысы бар?

"АҚШ-тағы азамат соғысы түптеп келген кезде халықаралық қаржылық күштері мен олардың өкілеттерінің мемлекеттік ақша шығару құқығы мен ақша саясатына байланысты АҚШ үкіметімен жүргізген қиян-кескі мүдде таласы",-дейді "Ақша соғысы" кітабының авторы Суң Хуңбиң.

Шындығында азамат соғысы басталмай тұрғанға дейін АҚШ президенттерінің күресі Еуропадан келген жекеменшік банк жүйлеріне қарсы шығумен бағаланды. Себебі Ротшильд династиясы Еуропаның бүкіл қаржы жүйесі мен саясатын да жүргізуге күш алғаннан кейін, АҚШ-қа көз сала бастаған-ды. Осының нәтижесінде қаржы айналасындағы адамзат біле бермейтін, тарихи шындығы бүркемеленген соғыстардың оты тұтанды.

Авраам Линкольн өлімі құпияның бетін аша алды ма?

1865 жылы 14 сәуір күні 4 жылға созылған «азамат соғысы» әлде "АҚШ-тың ақшамен соғысы"  аяқталып, етегін кеңе сала бастаған ел президенті Авраам Линкольн Вашингтондағы "Форд" театрына спектакль көруге барады. Сағат 22:15 минут болған кезде, күзетшілерден сытылып кірген жендет президенттің тап қаратұсынан келіп оқ атады. Сондай жақындықтан адамның тірі қалуы мүмкін емес еді. Ақыры Еуропадан келген Ротшильд династиясының банк жүйесіне қарсы күресіп, жеңіске жетіп, елді енді алдыға сүйрей бастаған басшының көзі сол түні жұмылды.

John Wilkes Booth Линкольнды атып өлтірген жендеттің толық есімі. Ол белгілі актер болған. Оқ жаудырған түні қашып құтылып, 26 сәуір күні жол үстінде белгісіз жағдайда атып өлтірілді деген ақпарат тарайды. Алайда, ақпараттың жалған екені, Бутстың өлмегені туралы өсек ел ішін шарлап кеткен-ді.

Ең қызығы Бутстың арбасынан құпия шифрмен жазылған хаттар және Юда Бенжаминнің жеке бұйымдары табылған. Юда деп отырғанымыз, сол тұстағы Оңтүістік үкіметінің соғыс министрі кейін мемлекеттік хатшы болған адам. Осы жерде Юда мен Линкольн өлімінің қандай қатысы бар деген сұрақ туындайды.

Юда Бенжамин сол кезде Оңтүстіктегі қаржы саласын игеріп отырған ықпалды адам болған. Ал оның қаржы жағынан ықпалын арттырып отырған Еуропадағы жекеменшік банкілермен қарым-қатынас еді. Ең қызығы АҚШ-тан пана таба алмаған ол ақыры Ұлыбританияға қашып кетеді.

Линкольн өлімінің артында бірнеше күдіктілер бар: президент үкіметінің мүшелері, Нью-Йорк пен Филадельфия банкирлері, Оңтүстік үкіметтің шенеуніктері, Нью-Йорктегі баспасөз кәсіпкерлері мен Солтүстіктегі белгілі бір күштердің әсері болуы мүмкін.

Қастандық жасалған оқиғадан кейін журналистер мен тарихшылар түрлі сараптама жасап мақала жаза бастады. Ең ақыры тарихшы Otto Eisenschiml жазған "Линкольн неге өлтірілді?" атты кітабы жарық көрді. Кітап біраз дау тудырып, артынан Theodore Roscoe есімді автордың аталған кітаптан да ықпалды еңбегі жарық көрді. Онда былай дейді:

"Линкольнға қастандық жасау оқиғасы жөнінде ХІХ ғасырда жүргізілген көптеген тарихи зерттеулерде, "Форд" театрындағы қайғылы трагедия жай ғана драмалық опера деңгейінде суреттелді... Аз ғана адам оны қастандық күйінде, қарастырды: Линкольн нағыз қылмыскердің қолынан қаза тапты... Қылмыстың заңына классикалық жазасына тартылды; қастандықтың күлкі көкке ұшты; көрем мораль жеңіс құшып, Линкольн да «өткен шаққа айналды".

Алайда, жендеттің оқиғасы жөнінде жасалған түсініктер адамды қанағаттандырмайды және сендіре алмайды. Шындық Линкольннің өліміне шатысты қылмыстардың заң құрығына ілінбегенін көрсетті.

"This One Mad Act" меморандумы

Бұл меморандумды қастандық жасаған жендеттің немере қызы Izola Forrester жазып шықты. Қазақша баламасы: "қитұрқы әрекет".

Меморандумның бағасын көтеріп жүрген, еңбек ішіндегі "Алтын алқа сарбаздары туралы" құпия құжат болды. Құпия естеліктер үкіметтің белгілі құжат қоймаларының бірінде сары майдай сақтаулы тұруы;  ол естеліктердің соғыс министрі Edwin Stanton тарапынан құпия құжаттар қатарына қосылуы; президент көз жұмғаннан кейін аталған құжаттарға адам қолы тимеуі керек туралы жарлық шықты. Ал Бутстың немере қызы осы құжаттарға қол жеткізген алғашқы адам. Ол өз еңбегінде былай дейді:

"Осы тылсым көне құжаттар папкасы «қастандықты тергеуге» қатысты деректер мен көрме бұйымдары қойылған бөлменің бұрышындағы сақтық сандығына бекітіліпті. Егер бес жылдың алдында, мен (сол бөлменің) еденінде жүгініп материал оқып отырғанымда көзім сақтық сандығының ендігі бір жақтауында әлдеқалай түспегенде, бәлкім, ол (құпия құжаттарды) мәңгі білмей өтер едім.

Мұндағы (құжаттар) менің атаммен қатысты болып шықты. Атамның кезінде Биклейдің (Bickley) бастамасымен құрылған «Алтын алқа сарбаздары» дейтін жасырын ұйымға мүше болғанын білуші едім. Менде атамның солармен бірге түскен бірнеше суреттері бар, олар үстіне тегіс арнаулы киім киген, бұл суретті әжемнің «Киелі кітбаынан» тауып алып едім... Әжемнің бірде өзінің күйеуін (Буст) «басқалардың құралы деп атағаны есімді қалыпты".

Линкольнды кім өлтірді?

"Ол (Линкольн) парламенттен өкілеттілік алып, халыққа мемлекеттік қарыз белетін сату арқылы несие құрады, сөйтіп, үкімет пен мемлекет шетелдік қаржыгерлердің тұзағынан құтылып кетті. АҚШ-тың өз уысынан шығып бара жатқанынан олардың (халықаралық қаржыгерлер) көзі анық жеткенде, Линкольннің де ажал уақыты жақындап қалып еді". Бұл кезіндегі Германияның беделді бас уәзірі Бисмарктың сөзі.

Линкольн қаза тапқаннан кейін, халықаралық қаржылық күштердің ығына жығылған парламент Линкольннің жаңа ақша саясатын күшінен қалдырып, президент үкіметіне шығарған жаңа ақшаның мөлшерін 400 миллион АҚШ доллардан асырмауды белгіледі.

1972 жылы белгісіз біреулер АҚШ қазына министрлігінен президент үкіметі шығарған 450 миллион жаңа ақшаның мемлекет үшін, сірә, қаншылық өсіп өнімдеп қалғанын сұрастырған. Бірнеше апта бойы есеп жүргізген қазына министрлігі президент үкіметі шығарған ақшаның жалпы 4 миллиард доллар өсімнен құтқарып қалғанын мәлімдеді.

 

Түйін.

1913 жылы АҚШ-тағы Федералдық қордың құрылуы халықаралық қаржыгерлердің жеңісін анық көрсетіп берді. Бисмарктың ойымен келісер болсақ, Линкольн секілді күрескер енді тумайды. Халықаралық қаржыгерлер әлемдік саясатты уысында ұстап, бүгінгі өркениеттің тыныс-тіршілігін қысып жіберуі де мүмкін.

Сонымен, АҚШ-та орын алған азамат соғысы мен президент Линкольннің өлімі тарихтағы халықаралық қаржыгерлер мен жекеменшік банкирлердің үстемдік құрғысы келген ойларын ашық көрсетіп берді. ХХІ ғасырда біз айтып отырған қаржы соғысының әлі де жүріп жатқанын ескерер болсақ, алып державалар мен дамыған елдердің банк жүйесі, жалпы ақша қоры әлі де болсын тегіннен қалған қаржы саясатының алақанында тұр.

Ротшильд династиясы тек қаржы мәселесін шешу жолында ғана тынбай еңбектенген жоқ. Олар әлемді уысында ұстап отыру үшін, халықты емес алдымен билікті, басшыны сосын барып мемлекетті қармағына түсіруді көздеді. Олар оны жүзеге асырды.

Майер Ротшильдтің сөзімен аяқтасақ: "Бір елдің ақшасын тізгіндей алсам, заңды кім шығарса да маған қызық емес еді".

Негізгі дереккөздер мен еңбектер "Ақша соғысы" кітабынан алынды.