Hi-Tech
Міне, қызық
Алтын,платина секілді жердегі ауыр металдардың планетамыздан алыс қашықтағы алып жұлдыздың жарылысынан келгеніне қатысты жаңа зерттеулерден кейін жердегі ауыр металдардың шығу тегі жөніндегі айтылған мәліметтерімізді қайтадан жазуға тура келетін сияқты деп хабарлайды Russia Today.
Біз алтын және платина, зергерлік әшекейлерден уранға дейін және ядролық реакторларда плутонийден ауыр металдарды қолданудың көптеген ақылды жолдарын, эмаль сияқты көптеген электронды құрылғылар үшін өте маңызды болжау элементтерін ұсындық.
«Табиғат» журналының жаңа басылымда ғаламдағы ауыр металдардың 80 пайызы аса ірі жаңа жұлдыздар пайда болғандағы жарылыстар кезіндеескі ірі жұлдыздардың құруынан(құлауынан) қалыптасқан болуы мүмкін екендігін жазады. Бұндай қызықты, әрі ауыр элементтерді көп шығаратын оқиғалар өте сирек кездесетін, және бұндай оқиға әдетте күннен 30 есе үлкен жұлдыздарда болатын көрінеді.
Бұл зерттеу нәтижесі адамдардың бұрыннан қалыптасқан ауыр металдар нейтрондық жұлдыздардың арасындағы соқтығыстан немесенейтрондық жұлдыздар мен қара үңгірлердің арасындағы соқтығыстан болады деген көзқарасты аударып тастады. Торонтодағы Гелф университетінің жетекші зерттеушісі Дэниел Сигелдің айтуынша,бұндай соққылар өте сирек кездессе де, ғарышқа нейтрондық жұлдыздардың бірігуіне қарағанда әлде қайда көп материал шығарады екен.
«Біздің нейтрондық жұлдыздардың бірігуі (соғылысуы) туралы жүргізілген зерттеулеріміз бізді өте өзгеше түрдегі жұлдызды жарылыстан қара үңгір(қара тесік) пайда болу барысында шығаылған алтын нейтронды жұлдыздардың бірігуіне қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігіне сендірді», - деді ол.
Енді ғалымдар ғарыштық бақылаулар арқылы өздерінің жоғарыдағы теориялық модельдерін қорғауды көздеп отыр. Сигельдің айтуынша,бұл зерттеу арқылы галактиканың пайда болуы туралы жаңа мәліметтерге ие болу мүмкін көрінеді. «Ауыр металдардың қайдан келгенін анықтау галактиканың қалай пайда болғанын түсінуімізге септігін тигізеді. Бұл шын мәнінде космологиядағы кейбір маңызды мәселелерді шешуге көмектесе алады, өйткені ауыр элементтер жақсы жол көрсеткіш саналады », - деп түсіндірді ол.