Weekend
Ол қаланың түнгі өмірін бақылайды
Хельсинки қаласының түнгі өмірін бақылап, дамытатын түнгі әкімі пайда болады.
Ол жақын арада тағайындалып, 2021 жылға дейін қызмет атқарады. Хельсинки әкімшілігінің зерттеуінше, тұрғындар белгілі - бір жерлерге түнгі уақытта барғысы келеді екен. Мысалы, қалада түнгі спортзалдар болса да, бассейндер жабық болады екен. Тұрғындардың пікірінше, осы және өзге де қызметтерді қаланың бір бөлігіне топтастыру керек. Сонда, өзге тұрғындардың ұйқысынан кедергі болмайды.
Түнгі мэр лауазымы Еуропаның кейбір қалаларында 2012 жылдан бері бар.