Weekend

Нан ағзаға зиян ба?!

Ғалымдардың пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғалымдар қанша мөлшерде нан жесең де, оның асқазан микрофлорасына әсер етпейтінін айтады. Алайда осы орайда ескерер бірнеше жәйттер бар. Осыған байланысты ғалымдар тәжірибе жүргізген болатын. Зерттеуге негізінен 20 адам қатысты. Олардың бәрі зерттеуге дейін күнделікті тамақтану кезінде орта есеппен қуаттылығы 10 пайыз болатын нан жеп келген. Қатысушыларға екі апта бойы нанды екі есе көп жеу ұсынылды. Олардың жартысы ақ нан, жартысы қара нанды таңдады. Екі аптадан соң олардың ағзасындағы қан глюкозасы мен қажетті минералдарының құрамы тексерілді. Нәтижесінде олар өздері ойлағаннан да басқа қорытындыға көз жеткізген. Екі нанның қандай жағдайда болса да клиникалық тұрғыда еш айырмашылы болған жоқ– деді зерттеуші Эран Сигал.

Бірақта  бұл зерттеу мамандардың айтуынша жалпылай алғандағы қорытынды. Егер әрбір адамды жеке-жеке зерттейтін болса, айырмашылықтар байқалады екен. Нақтырақ айтар болсақ, ақ нан жеген қатысушылардың жартысының ағзасы нашарлай бастаған. Бұл дегеніміз оларға ақ наннан басқа түрін жеу керек деген сөз.

Мамандар бұл өзгерістің ағзаның нанға гликемиялық реакция беруінен және әр тағам талшықтарына байланысты болғанын айтады. Сонымен қатар ғалымдар мұндай тұжырымның барлық адамға қатысты емес екенін ескертеді.

Бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады екен. Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген. 

 Қара нан инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. Бүтін дәнді нан диабеттің өршуінің алдын алатыны бұған дейін де айтылған. Мұндай әсер нанның құрамындағы жасұнықта болып отыр. Ол метаболизмге асқазан-ішек жолдары арқылы тікелей әсер етеді.

Бүтін дәннен жасалған нан арықтау үшін де пайдалы екені мәлім. Күнделікті бүтін дәнді нанның бірнеше тілігін жеу салмақты қалыпта сақтауға және артық калорияларды кетіруге атсалысады.