Weekend

М. Мақатаев бізге не айтқысы келді? (Талдау)

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға! © Мұқағали Мақатаев («Аманат» кітабынан")

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ағамның өлең шумақтары жанымды тесіп өткендей болды. 20 асқан жастардың өмір туралы кеңінен ойлайтыны бар. Жабығу мен рухани тарығудың өзі недеген сан ойларға алып келетіні де бар еді ғой. Сондай бір кезеңдерден аман есен өтейінші деп жүргенде, мынадай жанға жылу беретін шумақтарға зәруміз. 

Уақытты тоқтатар шама жоқ болғаннан, балалық шаққа қайта оралу мүмкіндігі жоқ болғандықтан, басымыз әр түрлі мәселелерге кіріп кетсе дағы, тура бағытты тауып шығар тек өзіміз ғана. Кейде, өмірдің мәні, маңыздылығы, әрі өткенші екені туралы қозғалған ойдан, дүниеге недеген керемет жаңалықтар туындауы ғажап емес. 
Жай ғана бір мысал
Атақты Apple Company корпорациясының тұңғыш құрушысы Стив Джобс өмірі туралы өте қысқа да нұсқа баяндайды. Оның үлкен жетістікке жетуіне себепкер болған бірден-бір ой өлім екенін білдіңіз бе? Оның айтуынша, өлім туралы ой адамды басқа маңызсыз, нәрсіз ойлардын арылтып, тек белгілі бір бағытта ойларды жинақтауға көмектесетінін айтады. (Тіпті, күнделікті өзіңе есеп беріп отырғанды дұрыс санаған Стив, біздің мәдениетімізден ұрлаған сияқты… Жарайды, ұрламаса да, өзі тапты десек те, ол бізге қызық емес. Бастысы, біз өз мәдениетімізді ұмытып бара жатқан секілдіміз. Ал, адамдар оны үйреніп алып, сол мәдениеттің қиыршықтарының үстіне зәулім үйлер салып жатыр...)
Стив Джобс:
«Күнделікті айнаға қарап, өз-өзіме сұрақ қоятынмын: 
— Стив, егер сен бүгін өлетін болсаң, қазір жасаймын деп ойлаған нәрсеңді жасайтын бе едің?
Алайда, бірнеше апта бойы жауабым „жоқ“ екенін түсінгенде, өмірімде өзгеріс жасамасам болмайды деген байламға келдім» — дейді.
© «Империя соблазна» фильмінен үзінді
Ал, Мұқағали ағамыз өлім туралы ойлаудың өзі адамға болашаққа деген ойын өзгертіп, тек керек нәрселерді ғана ойлап, қолдан келгенше барынша халыққа қызмет етуді өзінің заманында түсініп, айтып кеткен. Өлең шумақтарынан оны байқау қиын емес екеніне үстідегі өлең шумақ дәлел болса керек. 
Біз, қазақ өз тарихимыздағы алтындарды қазбалап іздемейінше, оларды ешкім бізге дайын қылып алдымызға алып келмейтінін түсінуіміз қажет. 20 жылдық тәуелсіз заманның ішінде түсінетін, ойға түйетін уақыт келді деген терең сенімдемін. 
© Алмас