Өзгермелі заманда өмір сүріп жатырмыз.
Баяғы аласапыран заман артта қалды десек те, рухани дертке ұшырап, өзгеріп,
өзін-өзі сезіне алмай жүрген адамдар бар. Ағамның өлеңі қысқа бір шумақ болса
да, түбінде үлкен мағына қамтып жатқанын тағы да бір көрсетуге тырысып
көрейін.
Адам баласы араб тілінен аударғанда «Инсан», яғни ауыспалы,
ұмытшақ, ұмытқан, тұрақсыз деген мағыналарға саяды. Кімнің қай кезеңде, кімнің
қай заманда сәтте өзгере шығатынын бір Жаратқан білсе керек.
Алайда, барлығымыз да тек Жаратушы бір Алланың алдында сынға тартыламыз. Біріншіден,
осыны ұғынып алуымыз керек. Сізге бірісі сын айтып, айып тағып, сізді сөгуге еш
ақысы жоқ. Адам жаратылысынан ауыспалы және оған дауа жоқ.
Адамның сол қасиетінің пайдасы мен зияндарын қарасытырып көрелік:
(+)
1) Максималдық концентрация бөліп адам баласы 1,5 сағат жұмыс жасап, нәрлі
нәтиже береді. Одан кейін ауыспалы көңіл күй керек. Семинар жүргізуден
мамандардың да әрдайым алып кеп тірейтін тақырыбы — назарды басқа нәрсеге
аударып, демалу.
2) Өмір бір түсті сұр болса, өмірдің мәні мен қызығы кетер еді. Сондықтан
дүниеде әр түрлі алуан түстер бар. Адамның да әр түрлі күйлерге еніп өзгеруі
ғажап құбылыс.
3) Қайғыны ұмытпайтын адам жоқ. Алайда, сол қайғыны ұмытпағанда өміріміз
толықтай бақытсыз болып өтер еді. Жақынынан айырылу деген өте үлкен қиындық.
Нәтижеде, ұмытудың өзі де сый етіп берілген нәсіп секілді.
(-)
1) Осы мен ұмытшақпын деп дау айтатындар көп. Ұмытпауға тырысу да жақсы қасиет,
тіпті керек қасиет. Алайда, ұмытпайтын адам жоқ екенін білген дұрыс. Дегенмен,
ұмыта берем деп сөз бермейтіндердің өздері, сол ұмытшақтық қасиетті рухани
тұрғыда өздеріне қайталаумен сіңдіреді.
2) Fасырлар бойы дәлелденген, адам баласы тұрақтылықты қалайды. Сол мақсатта
дүние кезіп шыққандар бар. Уақытша тұрақтылық болмаса да болмайды. Әрдайым,
ауыспалы болып жүрудің өзі өзгеге пайда түгіл, өзіңе зиян тиіп кетуі
мүмкін.
3) Cөз беріп, артынан оны ұмыта беру де екіжүзділікке жатады. Мұндай
мәселелерде абай болу керек. Адам деген ұмытшақ қой деп, сол қасиетті
орындаймын деп жаман атқа кенеліп қалмайық.
Ағамыз терең ойлайды. Тек кейде тереңіне үңіліп қарамасаң, өлеңнің мән
мағынасын түсінбеген боласың. Мұқият қарап, зейінге салу керек.
P.S. Қаншалықты мың құбылып, ауыссақ та, Мұқағали ағамыз айтқандай
табиғатпен күбірлесеміз, сырласамыз. Тарихымыздан кең далаға ғашық көшпенді
қазақтардың жүректерінде, бостандыққа деген, еркіндікке деген сезімдер
толып-тасиды. Ал, сол көптеген сезімдердің келуі, біздің құбылып, тұрақсыз
болған сәттерімізге байланысты болып келетінін кім білген?!