Өмір атты үлкен жолда кедергілердің болмауы мүмкін емес. Мұқағали ағамыз басынан өткерген қиындықтардың әсерінен, оған қалай сабыр қылу керектігін айтып, көрсету үшін мына шумақты арнаған деп ойлаймын. Өмірдің сондай бір қиын кезеңінде сабыр сақтау өте қиын болады. Ондай жағдайды барлығымыз да басымыздан кешіп жүрміз.
Кедергіге бой алдыру — өмір жолында кетіп бара жатып, тасқа сүрініп сол тасқа қадалып қалумен тең. Уақыт деген ешкімді күтпейді ғой. Көрінген тасқа қадалып, қарап тұрып қала берсең, өміріңнің зуылдап өтіп кеткенін де сезбей қаласың.
Сабыр
Адамның өмірінде сабырдың рөлі ерекше. Асқар таудау өкініштердің алдын алатын, жамандық жасап қоюдың түп-тамырына балта шабатын осы сабыр. 21 ғасырдың дерттерінің, қазаларының көбісі — осы сабырды ұстай алмағандықтан, сабыр деген не екенін білмегендіктен келеді. «Алла сабырлылармен бірге» деп бекер айтпаса керек.
Жай ғана мысал:
Өмірі қиындықтарға толы мына әйелді танымайтындар жоқ шығар, сірә. Танысып қойыңдар, әлемнің атақты, әрі өте бай адамдар қатарына енген әйел — Джоан Роллинг. Кеше ғана аптасына 35$ еңбек ақы алып, өмір сүріп жүрген Джоанды, қазір бүкіл әлем таниды. Сабыр ұстайдың керемет үлгісін көрсетіп, әлемге «Гарри Поттер» кітабын сыйлады. Жұбайы тастап кеткенін, қиындықтарға толы өмірін, бала-шағаларының қарындары ашып, көршінің үйінен нан сұрап жеген күндерді Джоан көз жасымен еске алады. Алдына мақсат қойып, үлкен белеске жету үшін, сабырдың қаншалықты керек екенін осы жаннан сұрау керек шығар.
«Жұмысым тұрақты болмайтын. Бір жұмыстан шықсам, екінші жұмысқа кіріп жатамын. Осылайша, бала шағамды асырадым. Алайда, өмірдің қиындықтары мені сындыра алмады. Кіші кезімнен жазуға ынтық болған мен үшін, кітап жазу демалатын уақытым болды. Күнделікті жоспарым былайша орын алатын: Таңертең жұмысұа шығып кетем, кешке тек бір-ақ келемін. Арасында, түскі үзіліске үлгерсем, балаларыма тамақ жасап кетемін. Кешке жұмыстан шаршап келсем де, балаларымның сабақтарына көңіл бөліп, оларды тойдырып жатқызамын. Менің көрген қиындықтарымды сезінгендерін қаламайтын едім. Істерімді тындырғаннан соң, 2 сағат кітапқа жұмсаймын. Кітап жазу деген менің ерекше әлемім еді. Күндер апталарды қуалап, апталар айларды қуалап, сонымен қалайша уақыт өтіп кеткенін де байқамай қалдым...» дейді, Джоан.
«Тама берсе көл болады» деген осы. Сабыр сақтап, тамызып отыруға көп адам шыдамдылық көрсете бермейді.