Weekend

Талапкерге мамандық жазуда мән беру керек 5 нәрсе

ҰБТ тапсырмаған талапкерлер, сәттілік!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Ешқашан бір мамандықты бірнеше қалаға жазба. Иә, сенің ойыңша, тааак, егер Алматыға түсе алмай қалсам, Семейге түсемін шығар. Бірақ, олай болмайды. Гранттар универлерге емес, мамандық өзіне бөлінеді. Егер сен ол мамандыққа Алматыға түспесең, өте жоғары ықтималдықпен Семейге де түспейсің.

2. Ата-ана, әрине, сен үшін жақсылықты қалайды. Сөзсіз! Және оларды қатты сыйлау керек, құрметтеу керек. Бірақ, олардың барлығы дерлік жыл сайын оқуға түсіп жатқан студенттердің статистикалық мәліметтерін аңдып отырмайды. Сөзін екі етпейін деп, өзі өміріңе балта шаппа. Білетін адам, мұғалім, курстағы мамандармен ақылдасып, жинаған ұпайыңа байланысты қайда түсеге болатыны жайлы ақыл-кеңестер ал.(Менің жеке ойым және оны тыңдап, жасап жасамауларың өз жауапкершіліктеріңде).

3. Мамандық жазғанда приоритет бойынша жаз. Әрине, бәріміз өзімізді ақылды, парасатты санаймыз. Біз тек жақсы вариантқа ғана лайықпыз. Дегенмен, ұмытпа, мақсатың грантқа түсу. Таак, былай жасаймыз. Біріншіге сүйіп оқимын-ау деген мамандықты жазамыз. Екіншіге тартымды, біріншісі болмай қалса деген мақсатпен жазамыз. Ал 3 пен 4 мамандыққа сол саладағы гранттар міндетті түрде көп бөлінеді дегендерді жазамыз. Универге ақысыз түсіп алғаннан кейін, қалаған мамандыққа ауысып ала аласыз. Түсіндіріп өтейін:

a)     Негізгі мақсат ақысыз оқуға түсу. Сол үшін соңғы бір жол өте қиын болып өтті. Стресс, ұйқысыз түндер.

b)     Жақсы көретін мамандыққа грантқа түсіп кетсеңіз, құттықмайын, сіз жарайсыз!

c)     2-4 мамандықтар бойынша грантқа түссеңіз де, мәселе жоқ, жарайсыз! Сіз молодецсіз! Грантқа тек санаулы адамдар ғана түседі, сіз солардың бірі болдыңыз.

d)     Мен мамандығымды сүймеймін ғой, қалай оны оқимын десеңіз, ауысып аласыз, уайымдамаңыз. Универлердің тәжірибесі бойынша грантқа түскен адамдарың 20% 1 курсты бітірмей оқудан шығып кетеді, гранттарын жоғалтады. Сол кезде ауысып ала аласыз. Ал 2 курсқа дейін шығып кететіндер саны кейде 50%-ға дейін жетеді.

e)     Неге мен 1 жыл, кейде 2 жыл басқа мамандықта оқып, уақытымды жоғалтуым керек десеңіз, оған да жақсы жауап бар. Ақылы 4 жыл оқығаннан, 1 жыл басқа мамандықта грантта оқыған жақсы.

f)      Ал егер жағдайыңыз бар болып, ақылы оқи алатын болсаңыз, онда бұл мақаланы бекер оқып жатырсыз. Барыңыз да, қалағаныңызды жасаңыз=)

4)    Менің жеке кеңесім. Өз қалаңызды жазбаңыз. Кетіңіз шетке. Солай ғана қызықты студенттік шақ және сіздің тұлға болып дамуыңыз болады. Қиналып қалам деп қорықпаңыз, сіз сияқты мыңдаған студент болады. Көбіңіз бір жаста – құрдассыздар. Бастысы, ортаңызды дұрыс таңдап, сабақты жақсы оқыңыз. Басқа қалаға не үшін кетіп жатқаныңызды да ұмытпаңыз. Қиналасыз, ол сөзсіз. Дегенмен, студенттік шақты қызықты өткізу – қаңғыру, қайтып келмейтін жастық шақты бір рет өткізіп алу емес. Ол 4 жыл бойы мамандық иесі болып, көп адаммен танысып, жеке тұлғаға айналу. Сол үшін, өз қалаңызда қалмаңыз.

Көбінесе ата аналар уайымдап, қарның ашып қалады балам-ау, үйде болсаң, қарның тоқ жүреді дейді. Қарынды ойлаған, сол қарынның азабын көреді. Ата-анасына байланған күйде өседі. Кейін көп жағдайда жатып ішер болып шығады. Әрине, барлығы емес. Просто өзімнің көрген тәжірибем бойынша бөлісіп жатырмын. Кетіңдер, өмір сүріп, самостоятельный болыңдар

5)     Қандай қала жазсаңыз да, қандай мамандық жазсаңыз да өзіңізге сенімді болыңыз. Бұл ең қиыны. Иә, мен көрсеткен кеңестердің ішіндегі ең қиыны. Бірақ, сонда да нәтиже де не болса да, міндетті түрде оңтайлы жолы табылатынына сенімді болыңыз. Қате жасамайтын адам ғана өмір сүрмейді. Сол үшін қателесуден, жеңілістен қорықпау керек. Артқа жүріп разгон алған адам кейде үлкен ұзындыққа секіре алады. Алайда, артқа жүрем деп шұңқырға да түсіп кетіп жүрмеңіздер.