Саясат

Арыс қаласында тоқтаусыз жарылыстар болып жатыр

Бүгін, 24.06.19 Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімде жарылыс болып жатқанын whatsapp желісіндегі келіп жатқан видеолардан байқауға болады. Әзірге зардап шеккендер бар ма, белгісіз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жарылыс оқ-дәрі сақтайтын қоймада басталған секілді. Арты-артынан болған жарылыстан Арыс қаласының халқы қатты шошып, мүмкіндігі бойынша көршілес жатқан ауылдарға қашып жатыр. 

Туыстарыма хабарласып жағдайларын білсем, шүкір, бәрі аман екен. Ал, бір досым айтады, таныс жігіттің үйі жарылған дейді. Соған қарағанда, жарылыс аз болмаған секілді және зардап шеккендер болатын секілді. Әзірге БАҚ өкілдері зардап шеккен адамдар жоқ деп отыр. 

Тілсіз жаудың бірі болды. Енді, Арыс қаласында тұратын барлық туыстарымыз аман болсын деп тілейміз.