Weekend

27- маусым кинопремьералары

Қарғыс атқан қуыршақ Аннабель туралы үшінші үрейлі фильм шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл уикендті сиквелдер аптасы десек болады: бізді бірнеше фильмнің жалғасы күтіп тұр.

«Аннабелдің үйге оралуы» («Проклятие Аннабель 3» / «Annabelle Comes Home»)[18+]:

Қарғыс атқан қуыршақ туралы хоррор-серияның үшінші бөлімі.

Сюжетте Аннабелді қамауда ұстау үшін демонологтар Эд пен Лоррейн қарғыс атқан қуыршақты өз үйіне алып келеді. Бірақ Аннабель бөлмедегі зұлым рухтарды оятып, қаһарын осы үйдегі кішкентай қызға бағыттайды.

«Күмәнді бірлестік» («Та еще парочка» /«Long Shot»)[18+]:Шарлиз Терон менСет Рогенойнаған комедия.

Шарлотта Филд - аса ықпалды бизнесвумен. Фред Фларски - талантты, бірақ ісі сұйықтау журналист. Екеуін байланыстыратын нәрсе - бұрын бір-бірін ұнатқан. Араға жылдар салып олар тағы кездеседі. Шарлоттаға Фред ұнап қалып, оны спичрайтер ретінде жұмысқа алады. Олардың бірігуі әлемдік ауқымда ыңғайсыз да қауіпті оқиғалар тізбегіне алып келеді.

«Қашу жоспары: Экстракторлар» («План побега 3» / «Escape Plan: The Extractors») [18+]:Сильвестр Сталлонеқатысуымен түсірілген, түрмеден қашу туралы фильмдер сериясының үшінші бөлімі.

Фильмде мтрмеден қашудың шебері Рэй Бреслин тағы да қауіпті істі қолға алады. Гонконгтегі досының қызын әлдекімдер ұстап алып кетеді. Тергеу нәтижесінде оның Америкадағы ең құпия түрмелердің бірінде отырғаны белгілі болады.

«Курск» («Kursk») [16+]:Өмірде болған қайғылы оқиғаның экранизациясы. Фильмге Франция, Бельгия, Люксембург кинематографшылары атсалысты.

Фильм 2000 жылы болған оқиғаны көрсетеді. Ресейдің "Курск" сүңгуірі апатқа ұрынған болатын. Картинада келіспеушіліктер мен бірауыздық, адалдық пен махаббат сөз болады.

«Ит саяхаты» («Собачья жизнь 2»/ «A Dog's Journey»)[6+]:2017 жылғы"Ит мақсаты" фильмінің жалғасы.

Сюжеті бірінші бөлімнің оқиғасын жалғастырады. Бадди есімді ит алғашқы иесімен кездесу үшін бірнеше рет өмір сүрді. Енді ол Молли деген күшік болып, жаңа міндетті атқармақ.

Сонымен қатар «Однажды в Стокгольме» деген комедия элементтері бар тарихи драма, «Кунг-фу воин» атты Қытай мультфильмі шықты.