Weekend
Мұхтар Мағауин: естеліктер кітабы
Әдебиет – ардың ісі. Алайда, ардан аттап, жеке бастың қамы мен абыройы үшін өз ныспысын нысанаға алған алып тұлғалар бар. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романына таласып, оның жарыққа шығуына себепкер болғысы келген қос алыптың пендешілігі туралы Мұхтар Мағауин естелігі бүй дейді:
Қажырлы қайраткер Әди Шәріповтың өзі тікелей атқарған өзгеше бір шаруаны атап айту шарт – Мұхтар Әуезовтың бақиға кеткен есепті «Қилы заман» романының қайтадан тірілуі. Өз кезінде Одақ төңірегіндегі біраз жұрт нақты куәгер болған жағдаят. Алайда осы бір ерекше еңбек күні бүгінге дейін көлеңкеде қалып отыр. Мүлде ұмытылмаса да, ұмытылуға жақын жағдайда. Оны аз десеңіз, Әди Шәріповтың аса батыл, ақыры оң нәтижеге жеткізген ауыр, абыройлы жұмысы бөтен біреулерге телініп жүр. Бұл тарапта, басқадай нақты куәліктермен қатар, Әдекеңнің өзінің дәйекті Әуелде «Жұлдыз» журналында ықшамдалып жарияланды – 1994, № 9, содан соң «Көргенім, көңіліме түйгенім» атты естеліктер кітабында басылды – 1998.
Үстірт тауарихы былайша. Әди Шәріповтың 1961 жылы көктемде, Мәскеуге, соңғы сапарға аттанар алдында Министрлер Советінің емханасында тыныстап жатқан Мұхаңа сәлемдесе барады. Ықыласты, екі жақты әңгіме үстінде Мұхаң басқа бір жағдаяттармен қатар, ең үлкен аманат – баяғы «Қилы заманды» қайта шығару қажетін айтып, міндет артқандай болыпты. Өмірінің бұдан әрі жалғасарына күмән емес, ішкі бір түйсіктен туындаған алаң мен қауіп әсері. Болашаққа бағдар. Әдекең қандай жағдайда да орынды тапсырма ретінде қабылдапты.
1966 жылдың март айында Жазушылар одағына келді. Көпті көрген Әди Шәріповтың өзі үшін мүлде басқа бір әлем. Енді, жаңа жұмысын игеріп, совет шегінде болады да, өзгешелеу ғұмыр кешіп жатқан қауымның жай-жапсарын анық аңдаған соң, ұлы Мұхаңның аманатын жүзеге асыру мүмкіндігіне ден қояды.
«Қилы заман» 1928 жылы Қызыл-Ордада басылған. Қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс.
Роман араб жазуы, төтенше үлгіде басылған. Өз қолында бар екен. Бәлкім, жерлес, ежелгі досы, қаншама ескілікті әдебиет нұсқаларын құпия сөрелерде сақтап отырған әдебиетші Төкен Абдрахмановтан алды. Қайткенде, кітап бар, қолдына тұр. «Қилы заманның» қазақ-кирилл қолжазбасы сол қалпында, түп-түгел дайын!
Жазушы осылай дей келіп, кеңес үкіметіне қарсы идеологиялық жағынан жазылған шығарманың тігісін жатқызып, өрнегін салып беретін мақала жазатын адам іздейді. Осы кезде көз жас әдебиетші Рымғали Нұрғалиге түскен. Сөйтіп 1967 жылы «Қилы заман» қандай шығарма?» деген мақала жарыққа шығады.
Рымғали Нұрғалиевтің пендешілігі
Мұхтар Мағауин естелікті сабақтай келіп былай дейді:
Осы арада нақты бір дәйектеме қажет сияқты. Рымғалидың өзі, Әдекең дүниеден өткеннен көп кейін, әлдебір естелік кейіпті жазбаларында «Қилы заман» оқиғасын жан-жақты, нақты баяндамақ ыңғай танытады. Ағасын мүлдем атаусыз қалдырып, өзін мейлінше көтеретін тұтас бір ертегі және соған жалғасы тағы бір хикаяттар ойлап таупты. Мұхаңның жабық романы туралы жазғым келді, ақыры түпнұсқа басылымы Сапарғали Бегалин ақсақалда барын естіп, алдына жеттім, қалап сұрап алдым, дейді. Міне, осы Сапекеңнің сандығынан шыққан көне кітапты түбегейлі зерттеп барып, атаулы мақаланы жазыпты. Шынды мүлде басқаша.
Шыңғыс Айтматовтың өтірігі
«Қилы заман» жыры ақыры Мәскеуге жетіп, оның үлкен деңгейде жарық көруіне алғысөз керек болады. Дәл осы кезде бұл мүмкіндік Мұхтар Әуезовтың шәкірті Шыңғыс Айтматовқа түскен. Автор бұл жайында былай қалам тербейді:
Қолма-қол Жазушылар одағындағы қаламгер қауым, Академияның Әдебиет институтындағы ғылыми жұртшылық мәселенің бар сырына қаныққан. Алаш азаматы Әди Шәріповтың ерен еңбегі! Дайын романға талғамды алғысөз жазған Шыңғыс Айтматовқа да рақмет. Ендігі ахуал – уақыт оза келе Әдекеңнің осы бір жанкешті, риясыз қызметі ұмытыла бастады, бірінші орынға «Адамзаттың Айтматовы» шықты. Бәрін атқарған сол екен: тереңнен көтеріп, қайта ашқан, аудартқан, тіпті, өзі аударған, алқаған, бастырған. Сол үшін қазақ халқы Айтматовқа борыштар!..
Мағауин Айтматовтың сырын ашты
Бірден автордың естелігін ұсынайық:
Дәп осы тұста Айтматовтың Мұхамед пайғамбарға, ислам дініне тіл тигізген азғын Салман Рушдидің шашбауын көтеріп, оның келесі романын өзі басқарып отырған «Иностранная литература» журналында жарияланғаны, бұл аз болғандай, «Ислам дінінде ұйықты, орталық тұлға жоқ... Мұхамед Иисус Христостан төмен тұрады, ол діни азапкер («мученик») емес» деп мәлімдегені, ақыр түбінде, Мұхтар Әуезовтың атаулы мақала жазып, өзіне бата бергені тұрыпты, Луи Арагонға арнайы тапсырып, француз тіліне аударылуына, одан әрі бүткіл әлемге танылуына жол ашқанын теріске шығарып, мені жарылқаған – Луи Арагонға арнайы тапсырып, француз тіліне аударылуына, одар әрі бүткіл әлемге танылуына жол ашқанын теріске шығарып, мені жарылқаған – Луи Арагонның қатыны Эльза Триоле болатын деп жалтарғаны, ең ақырында, қазақ жанышталып, қорланып жатқан қилы кезеңде «Колбині бар қазақ ақжолтай» деп ұран салғаны... есеп емес.
Міне, бұл АҚШ-та жүрген қазақтың жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Естеліктер кітабы» атты еңбегінен алынған шағын үзінді. Дереккөз «Жұлдыз» журналының 2018 жылғы шілде айындағы санында жарық көрді.