Weekend
Жылқы
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Халқымыздың ерекше қастерлеп және жанына жақын тартатын қасиетті түлігінің бірі – жылқы. Тариx деректері бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3-4 мың жыл бұрын білген және де осы қазақтың ұлы даласы ең алғаш жылқы малын қолға үйреткен жер болып табылады.
Ғалымдардың айтуы бойынша, аттың бірқалыпты жай жүрісінің өзінде оған мінген адамның денесінде 110 түрлі тербеліс туады екен. Яғни, барлық буын қозғалысқа түседі деген сөз. Сол себепті атқа міну – адамға биохимиялық тұрғыда оң ықпал етіп, ағзаны нығайта түседі. Дәрігер-мамандардың айтуынша, жылқы бұлшық еттерінің қозғалысы – массаж жасауға қабілетті көптеген элементтерден тұрады және ағзаның одан әрі күшеюіне алып келеді.Өйткені, жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары екен. Атқа отырған сәттен бастап тақымға берілетін жылу қан айналымының жылдамдығын арттырып, бойдағы тараған қан саусақтың ұшына дейін айналып шығады екен. Иппотерапия әсіресе жұлынға зақым келгенде, миға қан құйылғанда, жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанда, мінез-құлық өзгеріске ұшырағанда, көңіл күй төмендегенде, ұмытшақтық пайда болғанда, шорбуынға және тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылғанда, бір сөзбен айтқанда, адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданылады. Тіпті, есту қабілеті мен көздің көруі нашарлағанда да өз пайдасын тигізеді, дейді мамандар. Пайғамбарымыз ( c.а.у.) атқа мініп шабуды да балаларға насиxаттаған екен. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған. Ал, кейбір xадистерде Алла елшісінің өзі осындай жарыстардан қалмай қатысатындығы жазылған. Әнәс (р.а) Пайғамбарымыздың Абба атты түйесін ешқандай түйе оза алмайтын. Бірде бір бәдәуи келіп Пайғамбарымызбен жарысып, озып кетті. Бұл мұсылмандарға ауыр тиді. Пайғамбарымыз оларды жұбату үшін: «Әрбір шарықтауға Алла тағала бір құлдырау береді» дегенін айтады.
Жалпы ата-бабаларымыз балаларын жастайынан атқа мінуге дағдыландырып отырған. Өйткені оның қандай пайдалы жануар екенін сезіне білген. Ендігі кезекте ат спортына тоқталсақ.
Жылқының өзі, әбзелдері, ер-тұрманы қымбат тұрады. Күтімінен бөлек, олимпиадалық жарыстарға спортшыдан бөлек аттың өзін алып жүру де оңайға соқпайтын көрінеді. Әйтсе де мінсең – көлік, жесең – тамақ, кисең – киім, ішсең – сусын болатын қасиетті жануар үшін қанша шығындалсақ та артықтық етпес. Ең бастысы – қазақ екенімізді ұмытпасақ екен. Біздің ата-бабамыз әрқашанда жылқы баққан. Сол кәсіпті жойып жібермей, алдағы уақытта жылқы санының көбеюіне бізде атсалысcақ деген үміттеміз!