Саясат

Наразылық шарасының белсенділері заң шығарушы органды басып алды

Ганконгтағы наразылық одан ары өршіді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконгтағы наразылық білдірушілер дүйсенбіде қаланың заң шығарушы органына шабуыл жасап, 22 жыл бұрын Қытай билігіне қайтып оралғаннан бергі ең ауыр әлеуметтік толқуын тудырып өздерінің  теңдессіз күшін көрсетті, деп хабарлайды WSJ ақпараты.

Ұйымдастырушылардың бағалауы бойынша, Үкімет бас штабындағы қалаймақандықты полиция көзден жас ағызатын газды қолдану арқылы тоқтатқан. Жаздың ыстық күнінде 550 мыңға жуық адам көшеге ереуілге шыққан.

Бұл қала тұрғындарының Бейжиң әкімшілігінің қалаға ықпалының күн сайын күшеюінен алаңдауынан туындаған бір ай ішіндегі үшінші реткі бұқаралық сипаттағы ереуіл болып табылады. Осы уақытқа дейін бұл қозғалыс зорлық-зомбылықсыз өтті,  бұл олардың кейбір мүшелері анархиялық жағыдайда екенін білдіреді.

Көптеген жас белсенділер терезелерді сындырып, заң шығару палатасын қиратты, олар өздерінің әрекетін қаланың келешегіне кедергі жасайтын үкіметті мәжбүрлеудің соңғы күші ретінде сипатталды.

Тәртіпсіздік Гонконгтың жетекшісі Кэрри Ламның күдіктілерді Қытай құрлығына апарып жазалауға мүмкіндік беретін заңнаманы қабылдағаннан  кейін  басталған болатын.Бұл ашық емес құқықтық жүйе болып табылады.

Демонстранттар Лин-ханымнан экстрадициялау туралы ұсынысты толығымен жойып, полицияның наразылық шеруге шыққан халықты тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданған әрекеттерін тексеруді,және өзіне жұмыстан кетуді талап етті.

Дүйсенбі күні кейбір оппозициялық заң шығарушылар агрессивті белсенділердің заңгерлік ғимаратқа шабуыл жасау әрекетін  тосуға тырысты.

Сарапшылар наразылық білдірушілердің соңғы әрекеттері Бейжіңнің тікелей араласуына себеп болуы мүмкін деп ескертті, ал Бейжиң бір айға созылған саяси толқумен ара қашықтық сақтауға тырысып келді.

"Менің ойымша, бұл жолғы ереуіл Гонконгті өте қауіпті жағдайға қалдырды деп ойлаймын, себебі қытай үкіметі, қажет болған жағдайда, араласпай қоймайды", - дейді Лондондағы SOAS Қытай институтының директоры Стивен Цанг.

Наразылық туралы сұраққа АҚШ президенті Трамп Вашингтонда: "Мен бұл мәселе шешіледі деп үміттенемін. Мен Қытай Халық Республикасының Төрағасымен бірге болдым. Біз тамаша әңгіме, жақсы пікірталас өткіздік, енді бір жұмыс туралы сөйлесіп жатырмыз. және бұл жағыдай туралы да қысқаша сөйлескен едік, өте өкінішті. Осындай наразылық тым сирек кездеседі ",-деп жауап берді.

Наразылық білдірушілер уақытша соққымен ғимаратқа кіргенсоң, күннен қорғанатын қол шатырларын пайдаланды. Бұл ұзақ уақыттан бері бейбіт қарсы тұрудың белгісі болып келеді. Олар тағы апаттық жағыдайда қолданылатын шығу белгілерін және есіктерді сындырды. Кейбір адамдар метал бөгеттерді тартқылап, қоршауға алатын бейне байқатты, ал басқалары тастап кеткен үкіметтік құжаттарға қарай жүгірді.

«Мен еркіндікті қалаймын», - деді жақында ғана оқу бітірген Университет түлегі Джо. Ол тағы да: "Мен мұның жалпы жағыдайға көмектесетінін немесе кесірін тигізетінін білмеймін, мен тек басқаралға ілесіп жүрмін" ,-деді оқиға туралы түсіндіріп.