Саясат

Грузия өз азаттығын «1918 жылғы тәуелсіздікті қалпына келтіру» деп санайды. Қазақстан ше?

І бөлім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық Азияның «барысы» атануға ұмтылып, әлемнің дамыған 30 еліне айналуға бет бұрған Қазақстан бүгін өзінің сыртқы саясаттағы беделі арқылы үлкен жетістіктерге жетті. Алайда, Мэдзи императордың реформасы арқылы гүлденіп кеткен Күн шығыс еліне, «Малайзия малайлар үшін» деген Малайзияға, кешегі жемқорлықтың тамырын түбімен жұтып қойған Сингапур реформатыры Ли Куан Ю бастаған елі үшін жанын берген тұлғалардан үлгі алғандай болғанымызбен олардың ерліктерін қайталай алмадық. Арысын айтпаған кезде, кешегі Алаш Орда үкіметінің ізін де жалғап, Әлихан Бөкейхан бастаған алаш арыстарының идеологиясын да сіңіре алмай, олардан қашып жүрміз.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы аталған елдердің Совет үкіметінің құрамында болмағанын ескере келіп, осы бодандық бұғауынан шыққан Грузия мен Қазақстанның қазіргі жетістіктері мен саяси реформаларына сараптама жасады. Сонымен, не өзгерді?

Совет үкіметі тұсында: 1978 жыл (Грузия) – 1986 жыл (Қазақстан)

1978 жыл. Грузия КСРО құрамында. Дәл осы жылы Кеңестік империя Грузияның мемлекеттік тілін мойындаудан бас тартып, оны заң жүзінде қолданудан алып тастау туралы шешім шығарады. Осы мәселе көтеріле салып, елдегі жастар  мың қол жинап, мемлекеттік тілді сақтап қалуға араша түсті. Жастардың бұлай көтерілетінін күтпеген Эдуард Шеварднадзе ( Грузияның екінші президенті) Брежневпен ұзақ уақыт бойы сөйлесіп, ақыры Грузияның ана тілін сақтап қала алды.

1986 жыл. Қазақстан. Д.Қонаевты орнынан алып тастап, орыс үкіметі өздерінің адамын (Колбин) қойған кезде, бұл бассыздыққа жауап ретінде қазақ жастары көтеріле кетті. Нәтижесінде бұл көтерілістен кейін алып империя болған КСРО-ның көбесі сөгіліп, ыдырады. Осыдан кейін тәуелсіздік алу және оны сақтап қалу жолындағы күрес басталып кетті.

1991 жыл: Грузия КСРО құрамынан шыққан төртінші тәуелсіз мемлекет. Қазақстан ең соңғы шықты.

Кеңес үкіметінің ыдырап, құрамындағы елдердің өз алдына тәуелсіздік алуына жол ашылған кезде, Балтық теңізі жағалауындағы елдерден кейін Грузия төртінші болып еркіндікке ұмтылыс жасады. 1991 жылы 31 наурыз күні референдум өтіп, осы жылдың 9 сәуірінде Грузия өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде кетті.

Айта кету керек, Грузия үшін бұл тәуелсіздік күні немесе тәуелсіздік алған мерекесі емес. Себебі, олар үшін тәуелсіздік тойы 26 мамыр.

1918 жылы 26 мамырда Ной Жордания бастаған Грузия билігі тәуелсіз ел ретінде алғашы рет жариялады. Ол кезде ол Грузия демократиялық республикасы деп аталды. Алайда, бұл ұзаққа созылған жоқ. 1921 жылдың ақпан айында Қызыл армия грузиядағы жергілікті большевиктермен бірге билікті құлатып, қайта отарға айналдырды. Бір қызығы, сол кездің өзінде Грузия демократилық республикасын Еуропаның 23 мемлекеті мойындап қойған. Бұдан бөлек референдум кезіндегі Акт бойынша, Грузия тәуелсіздігін алған ел ретінде емес, тәуелсіздігін қайта қалпына келтірген мемлекет ретінде КСРО құрамынан шықты.

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес әрі зайырлы мемлекет болды. Бір қызығы әлемдік картада «де факто» да және «де юре» де өмір сүруін тоқтатқан КСРО-ның құрамынан соңғы болып, тіпті сегіз күн кешігіп барып шыққанбыз.

Қазақ елінің тәуелсіздігі де Грузия секілді өз кезінде Ақпан және Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан болатын. Бұған дәлел, 1917 жылы желтоқсанның 13 күні құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясы үкіметі. Алаш үкіметі де ұзақ тұра алмады, Кеңес үкіметінің сүт бетіндегі қаймақтарды қынадай қырған тұсында, талай арыстар оққа ұшып, түрмеге тоғытылып, азаппен өлтірілді. Сөйтіп, 1920 жылы Алаш үкіметін саяси түрде құлатып, қайта халықты бодандығына алған қызыл империя еді.

Жалғасы бар...