Саясат
Түркия қаншалықты құдіретті?
Түркия АҚШ-тың қарсылығына қарамастан РесейдіңS-400 зымыран қорғаныс жүйесінің алғашқы бөліктерін кіргізді деп хабарлады BBC-News.
Түрік Қорғаныс министрлігі аталмыш қарудың бір бөлігі12-ші шілде,жұма күні ел астанасы Анкарадағы мәлім әуе базасына жеткізілгенін мәлімдеді.
Түркияның бұл қадамы АҚШ-тың ашуына тиері сөзсіз. Себебі АҚШ Түркияның S-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мен АҚШ-тың F-35 жауынгерлік ұшақтарына бірдей ие болуына қарсы екенінескерткен болатын.
Түркия мен Құрама Штаттар НАТО-дағы одақтастар болып табылады. Бірақ Түркия Ресеймен де тығыз байланыс орнатып келеді.
НАТО-ның ресми өкілі AFP-ге берген сұхбатында ұйым Түркияның қорғаныс жүйесінсатып алу әрекетіне «алаңдаулы» екенін, Ал Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспель АҚШ-тың позициясы да өзгермегенін жеткізді. Еспер мырза жұма күні кешке қарай түрік әріптестерімен сөйлесетінін айтты.
Қайшылық қалай өрбіді?
Түркия АҚШ-тың 100 дана F-35 ұшағын сатып алуға қол қойды және F-35 бағдарламасына қомақты инвестиция салды. Сонымен қатар, Түрік фирмалары 937 түрлі ұшақ бөлігін шығаратын болды.
Алайда, Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның байланысы шиеленісе түскен жағдайда, Түркия да тәуелсіз қорғаныс саясатын жүргізе бастады. Ол Ресейдің S-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін 2,5 млрд долларға сатып алып, қарулы күш мүшелерін Ресейге үйренуге жіберді.
АҚШ-тың қорғаныс өкілдерінің айтуынша, S-400 аймақтағы НАТО-ның ауқымды қорғаныс жүйесімен үйлеспейді.
Шенеуніктер F-35 ұшағын S-400 қорғаныс жүйесіне жақындатқысы келмейтіндіктерін айтты, себебі олар ресейлік техниктер F-35-тің осал тұстарын меңгеріп алуы мүмкін деп алаңдайды.
АҚШ S-400 келісімшартын іске қосқан жағдайда, Түркияны F-35 бағдарламасынан алып тастайтынын және экономикалық санкциялар қолдануы мүмкін екенін ескертті.
Ал Түркия бұл екі жүйенің әртүрлі орында орналасатынын және Құрама Штаттар альтернативті зымыран қорғаныс қалқандарын қамтамасыз етуде баяу қимылдап жатқанын алға тартты.
АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден кейін Реджеп Тайип Ердоған АҚШ-тың санкцияларды қолданбайтынына сенетінін айтты.
Бұл жағыдай Вашингтон мен оның НАТО-дағы негізгі одақтасы арасында үлкен келіспеушіліктер тудырды. Одақ мүшелерінде мұндай жабдықты Ресейден сатып алу бұрын-соңды болмаған.
Содан кейін АҚШ ұшақты Түркияға жеткізуді доғарды және түрік ұшқыштарын оқытуды тоқтатты.
Сондай-ақ,Түркияны бағдарламадан толықтай алып тастау жоспарлары жасалуда. Бағдарлама Түркия F-35-тің бір бөлігін шығарады және бұл жерлер әуе кемелеріне қызмет көрсетудің аймақтық орталығы болады делінген болатын.
Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Пентагонның қалай айтқанына қарамастан, Дональд Трамптың өз басы Түркияның ресейлік ракеталарды сатып алуына соншалықты дұшпандық ниет таныта қоймайтынына сенетін сияқты.
Анкара мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасында маңызды сын сағат күтіп тұрғандай.
Түркия қаншалықты маңызды?
29 мүше елден құралған әскери одақ НАТО бойынша, Түркияның екінші ірі армиясы бар.
Ол АҚШ-тың негізгі одақтастарының бірі әрі Сирия, Ирак және Иранмен шекаралас стратегиялық аймақта орналасқан.
Ол сондай-ақ, Сириядағы қақтығыстарда маңызды рөл атқарды, кейбір қарсылас топтарға қару-жарақ пен әскери қолдау көрсетті.
Алайда, Түркияны НАТО-ның кейбір мүшелері мен ЕО арасындағы қарым-қатынастары нашарлап, олар 2016 жылғы төңкеріс сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Ердоғанды барған сайын авторитарлық стилді қолдана бастады деп айыптайды.