Денсаулық

Пластикті тез шірітетін саңырауқұлақ табылды

Олар бірнеше онжылдыққа созылатын процесті бірнеше аптаға қысқарта алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саңырауқұлақтың кейбір түрлері пластикті шіріте алады. Лондондағы Кью ботаникалық бағының ғалымдары осындай жаңалық ашты. Ботаникалық бақ өкілдерінің мәлімдемесін 18 елдің 100 ғалымы растады. 

Ғалымдардың айтуынша саңырауқұлақтар полиуретанды бірнеше апта ішінде ірітіп жібереді. Саңырауқұлақтың осындай қасиеті былтыр анықталған. Қытай мен Пәкістан ғалымдары Исламабадтағы қалдықтар көметін орыннан полиуретанды ыдыратқан саңырауқұлақ түрін байқайды. Оның ғылыми атауы – aspergillustubingensis. Ғалымдар осы түрдің түрлі полимерлер арасындағы байланысты бұзып, ондаған жылға созылатын шіру процесін бірнеше апта ішінде жасағанын анықтады.

Қазір басқа да саңырауқұлақтар мен микроағзалардың пластик түрлерін шіріте алатын қасиеті зерттеліп жатыр. Қазіргі таңда ғылымға саңырауқұлақтың 3,8 миллион түрі белгілі, оның тек 144 мыңына ғана ат берілген.

Жыл сайын мұхиттарға 8 миллион тоннадан астам пластик тасталады. Олардың ұсақ бөлшектері су жәндіктері арқылы адамдардың қорек тізбегіне еніп жатыр.