Hi-Tech

5G денсаулыққа зиян ба?

Өнеркәсіптік революцияның төртінші буынының басы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

5G мобильді желісі Ұлыбританияның кейбір қалаларында енгізілгеннен кейін, халық арасында бұл жаңа технология денсаулық үшін қауіп-қатерді тудырады ма деген сұрақтар туындаған болатын.

Алдыңғы ұялы технологиялардағыдай, 5G желілілері радиотолқындар- электромагниттік спектрдің бір бөлігі - антенна немесе діңгек пен телефон арасында берілетін сигналдарға сүйенеді. Теледидар және радио сигналдарынан, сондай-ақ ұялы телефондарды қоса алғанда, бірқатар технологиялардан және күн сәулесі сияқты табиғи көздердің арқасында біз үнемі электромагниттік сәулеленумен қоршалып тұрамыз.  

5G алдыңғы мобильді желілерге қарағанда, жоғары жиіліктегі толқындарды пайдаланады, бұл құрылғылардың көп саны бір уақытта жоғары жылдамдықтағы Ғаламторға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл толқындар қалалық кеңістіктерде қысқа қашықтықтарға таралады, сондықтан, алдыңғы технологияларға қарағанда, 5G желілері үшін жер деңгейіне жақын орналасқан таратқыштардың діңгектері көп талап етіледі.

«Адамдар қатерлі ісіктің даму қаупін арттыруы мүмкін деген себептермен алаңдаушылығын білдіреді, бірақ біз күн сайын сезетін, көзге көрінетін жарыққа қарағанда радиотолқындар әлдеқайда қуатты емес екенін атап өту маңызды», - дейді дәрігер, физик және обыр зерттеушісі Дэвид Роберт Граймс.

5G технологиясы көптеген жаңа базалық станцияларды талап етеді – бұл ұялы телефон сигналдарын беретін және қабылдайтын діңгектер. Бірақ ең бастысы, таратқыштар көп болғандықтан, олардың әрқайсысы алдыңғы 4G технологиясына қарағанда төменгі қуат деңгейінде жұмыс істей алады, ал бұл 5G антеннасының радиациялық әсер деңгейі төмен болады деген сөз. Ұлыбритания үкіметінің ұялы телефондарға арналған базалық станциялар бойынша басшылығында радиожиілік өрістері әдетте көпшілік үшін қолжетімді жерлерде нормативтік деңгейден көп есе төмен деп айтылған.

«Микротолқындар олар өтетін объектілерде жылуды өндіреді. Алайда, 5G (және алдыңғы мобильді технологиялар) үшін пайдаланылатын жылу әсерлері зиянды емес», - дейді профессор Родни Крофт, иондамайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның кеңесшісі (ICNIRP), - «5G-дан (немесе қоғамдастықтың жалпы аймақтарындағы кез келген басқа сигналдар) қоғамдастықта кез-келген адамның ұшырауы мүмкін радиожиіліктің деңгейі соншалықты аз, тіпті осы уақытқа дейін температураның жоғарылауы байқалмаған».

Ұлыбритания үкіметі «қолданыстағы желіге 5G қосылған кезде радиотолқындардың әсерінің сәл артуы мүмкін болса да, жалпы әсер етуі төмен болып қалады» деп мәлімдейді. Енгізілген 5G сигналдарының жиіліктік диапазоны электромагниттік спектрдің иондамайтын жолағының шегінде және ICNIRP зиянды деп есептейтіндерден едәуір төменде. «5G-дің әсері ICNIRP тарапынан жан-жақты қарастырылды, ал 5G байланысты шектеулер радиожиіліктің зиян келтіруі бойынша ең төмен деңгейінен әлдеқайда төменде», - дейді профессор Крофт.

Дереккөзі: BBC жаңалықтары