Weekend
Зерттеу
Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында "Орталық Азиядағы суицид: қауіп мен қорғау факторларын жүйелі зерттеу" тақырыбында лекция оқыды.
Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 миллион адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады екен. Оның 76 проценті табысы орта және төмен елдерінде жасалса, 60 проценті Азия елдерінде орын алады.
Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп - 48,1 процентті құрайды. Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 процент, Өзбекстанда 13,6 процент, Қырғызстанда 13,4 процент. Тәжікстанда төменірек - 7,2 процент.
Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, жанын қию көрсеткіші төмендеген емес.