Авторлық ертегі

Орыс қазақты «орангутан» деп те келемеждеген

Міне, көріп тұрсыз ғой, мен – орыспын, сіз – қазақсыз. Соған қарамастан, мен сізбен бірге отырып, бірдей құқықтарды пайдаланудамын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаш арыстарының ішкі қарсылықтарының бірі  газет арқылы көлемді мақала, зерттеу жасау арқылы халыққа үгіт-насихат жүргізулерімен ерекшеленді. Осы ретте Мұстафа Шоқайдың "Керенский және Түркістандағы ұлттық қозғалыс" мақаласындағы, атап көрсететін, қазақты маймылға теңеген хатқа байланысты көтерген мәселесін ұсынып отырмыз. 

Бұл арада мен түркістандық бірнеше жастардың Германияға келуіне байланысты, орыс демократ газеттері оларды киген киімдеріне қарап: «Түркістан түйелері мен Бұхара есектері», - деп келемеж ете жазғандарына тоқталып та жатпаймын. Осы орайда орыстың бір жоғары дәрежелі либерал әкімінің 1924 жылы айтқан мына сөзі ойға оралады. Ол маған: «Міне, көріп тұрсыз ғой, мен – орыспын, сіз – қазақсыз. Соған қарамастан, мен сізбен бірге отырып, бірдей құқықтарды пайдаланудамын», - деген еді. Ресейдің түркістандағы мемлекет құрылысы жұмыстарына белсене ат салысқан осы либерал орыс әкімінің ағылшындардың үнділерге «ұлттық тәкаппарлығы» туралы айтып шағынуы тіпті күлкілі-ақ.

Тағы оқыңыз: Түркістандықтар – бастарын имегендер

Мұстафа Шоқай осы мәселені көтере келіп, ары қарай былай деп жалғастырады.

«Дни» газетінің 1926 жылғы 10 қарашадағы санында большевиктер тарапынан қазақ даласына жер аударылған бір орыстың хаты басылды. Автордың өтініші ескеріліп, хаттың біраз жері алынып тасталыпты. Қаншама сөздері жарыққа шыға алмай, қор болған осы хаттан «Днидің» бас редакторы Керенский мына төмендегі жолдарды жариялап жіберіпті:

«Бұл соңғы (сөз сүргіндегілердің рухани ахуалында жүз берген жарамсыз өзгерістер хақында болып отыр) эмигранттардың едәуір бір бөлігі үш жылға да шыдай алмай, жергілікті «ұрғашылармен (сочетается браком с каким-нибудь произведением местной фауны женского рода) байланыс жасай бастауы көңіл аударарлық жәй» дей келіп, хат авторы осыдан көп ұзамай «орангутаннан» (маймылдан дегені) жаралып, бірте-бірте шаруашылық басқаруға дейін жетуінің өзі де жаман нәрсе емес» деп, қазақтарымызды келемеждейді.

Мұстафа Шоқай. 1930 жыл