Саясат

Магистратураға түсу үшін нені білу керек - министрлік жаңа ережені ұсынды

Үкімет қаулысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрлігі магистратура конкурсына қажетті ең төменгі балл санын азайтуды ұсынды. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НПА» порталында жарияланды.

Стипендия тағайындау ережесіне ұсынылған өзгерістерге сай, конкурсқа қатысу үшін болашақ магистранттарды кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша қабылдайды:

  • ғылыми-педагогикалық және мамандандырылған магистратураға қазақ немесе орыс тілінде оқыту, оның ішінде шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламаларының топтары үшін кемінде 75 ұпай;
  • магистратураға ағылшын тілінде оқыту - кемінде 50 ұпай.

Магистратураға түсу шарттары:

Құжаттарды қабылдау 03 - 25 шілде аралығында болады.

Қандай құжаттар қажет?

1.     Өтініш;

2.     Жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірмесі);

3.     Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (2 дана);

4.     3х4 алты бірдей сурет;

5.     086-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірмесі);

6.     Тіл деңгейін анықтайтын сертификат (бар болған жағдайда);

7.     Кешенді тестілеудің төленгені туралы түбіртек (8292 теңге).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстырылу жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Қабылданатын халықаралық сертификаттар:

Ағылшын тілі:

1) TOEFL ITP – кемінде 163 балл;

2) TOEFL IBT – кемінде 46 балл;

3) TOEFL PBT – кемінде 453 балл;

4) TOEFL PDT – кемінде 65 балл;

5) IELTS – кемінде 5.5;

Неміс тілі:

1) DSH)– Niveau С1/деңгейі C1;

2) TestDaF-Prufung – Niveau C1/деңгейі C1.

Француз тілі:

1) TFI – кемінде В1 деңгейі;

2) DELF – B2 деңгейі;

3) DALF – C1 деңгейі;

4) TCF – кемінде 400 балл.

Айта кетерлік жайт, биыл оқуға түсуші бірнеше университет таңдай алады.

Қабылдау емтихандары 8 – 16 тамыз аралығында өтеді.

1) Шетел тілдері бойынша тест

(Халықаралық тіл деңгейін анықтайтын сертификаттар болмаған жағдайда).

Өтпелі балл: 25

Шектік балл: 50

2) Оқуға жарамдылығы бойынша тест

(сыни ойлау, аналитикалық ойлау).

Өтпелі балл: 15

Шектік балл: 30

3) Мамандық бойынша тест

(2 бейіндік пән бойынша, екінші пән бір немесе бірнеше жауабымен).

Өтпелі балл: 15 және 20

Шектік балл: 30 және 40

КТ нәтижесі бірдей болған жағдайда:

1.     Профилді пәндер нәтижесі;

2.     Оқуға дайындықты анықтайтын тест нәтижесі;

3.     Шет тілінің тест нәтижесі;

4.     GPA (Grade Point Average);

5.     Алдыңғы білім дипломының қосымшасы ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдан бастап елімізде магистратураға қабылдаудың (жоғары оқу орындарының қатысуынсыз) жаңа жүйесі енгізілді. Магистратураға қабылдау бакалавр жүйесіне ұқсас.