Саясат

Ресей Еуропада «өңірлік соғыс» жүргізуге дайындалуда

Шынымен солай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей арапшылары RT.COM-ға берген сұхбатында неміс билігі, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан НАТО-ның жоғары лауазымды шенеунігібарлық күш-жігерін жұмсап бүкіл әлемгеРесейдің ядролық қаруы туралы ескертеді. Бірақ іс жүзінде Батыс елдерінің барлығы Мәскеуге қауіп төндіріп отыр деді.

Бұл күндері Ресейдің «өзіне сенімділігі» туралы саясатына қатысты алаңдаушылық білдіретін сарапшылар өте көп. Оның ішінде қорқыныштың көп бөлігі Атлантикадан басқа бөліктерден келеді деп айтылады. Бұл жолы екі неміс, қауіпсіздік саясаты институтының басшысы Joachim Krause және үш жұлдызды зейнеткер Heinrich Brauss отставкаға кетті.

Die Welt-тің арнайы бағанында жарияланған мақалада «Путинның басшылығында Мәскеу еш себепсіз, Еуропа аумағында өңірлік соғыс қозғауға дайындалуда, олар ядролық қарумен қорқыту арқылы бұл соғыста жеңіске жетпекші. Әрі ол соғыс біз климаттың өзгеруі, көші-қон дағдарысы, ЕО дағдарысы және басқа да көптеген мәселелермен айнлысып жатқан уақытқа тура келейін деп тұр.» делінген.

Егер соғыс бастала қалса, Мәскеу НАТО тиімді әрекет етіп үлгергенге дейін ядролық қраумен қорқытып,« күтпеген шабуыл »  жасауға тырысуы мүмкін. Пентагонның кейбір шабуылдарына жауап ретінде олар Балтық мемлекеттері мен Польшаны ресей шабуылдың алғашқы құрбандары болады деп атап өтті.

Белгілі сарапшылардың дәлелдері орынды болып көрінгенімен, алайда RT-мен сұхбаттасқан сарапшыларшындықкерісінше деп есептейді. «НАТО жасарын жасап болды,Олар Ресей Федерациясына әскери қауіп төндірді», - деді ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы вице-төрағасы Вилли Вимер.

Сол сияқты, ЕО өзін милитаризациялайды, өйткені ол Еуропаның қалған аймақтарынан Ресейді оқшаулау туралы «ескі ағылшын-саксондық идеяны» нысана етеді.

Көптеген басқа ресейге қарсы басылымдар сияқты, Die Welt-тің басылымы да «Мәскеубіздің демократиямызға мақсатты түрде араласады» деген сияқты тақырыпта мақалалар жарияламаса, басылымның мазымұны толық болмайды. Басылым сондай-ақ, НАТО бұл мәселені шешу үшін ештеңе жасай алмай отыр деп шағымданды. «Ресей істеп жатқан барлық нәрсе Батыс елдері жағынан мойындалған жоқ», - деп түсіндірді Goettingen беделді университетінің профессоры Петер Шульц.

Мәскеу «қорқынышты етіп көрсетіліп жүргені анық, бұл қайғылы жағдай, оған бәріміз кіреміз», - деп ол өкініш білдірді.

Басылым Ресейдің ядролық қарумен дәстүрлі қару-жарақты бірдей пайдалануға қатысты стратегиясы туралы бірнеше рет айтты.

Шульцтің пікірінше, бұл пікір шындыққа жанаспайды әрі еш мағынасы жоқ. Ол: «Ешкім ядролық соғысты бастағысы келмейді, тіпті Батыстың қатал саяси қайраткерлері немесе Кремльдің ең қатал элементтері де бұндай ойдан аулақ»,-деді.

Бір қызығы, автор НАТО-ның ресми мәлімдемесінен ауытқымаған. Оның соңғы әскери стратегиясы Еуропаның «шығыс және оңтүстіктегі қатерлер» туралы айыптап, Мәскеуге қатысты «ядролық қатер» туралы тжырымды пайдаланған.

«Бір анаығы бұл баяндамады ешқандай мақсат жоқ, өйткені Krause мен Brauss НАТО штаб-пәтерінен және Брюссельден шыққан [күн тәртібін] қайталап отыр»,- деп жазады RT.COM ақпарат  агенттігі.

RT-ға сұхбат берген салапшылар: «Сарапшылардың міндеті бар, яғни әр уақыт, ресейге қатысты хабар жазып тұру»,- деген қорытындыға келді. Осы әңгіменің шығу қарсаңында НАТО Еуропаның шығысына әскер орналастырып, Шығыс Еуропадағы инфрақұрылымын жаңартты.Бұл әскери топ бірнеше рет «Шығыс қанатында» әртүрлі соғыс ойындарын өткізді. Басты міндеттері Балтық теңізі мен Польшаны байыбына барып болмайтын «ресей шабуылынан» қорғау болып табылады.