Денсаулық

Қарағанды облысында дәрі-дәрмек рецептін онлайн режимде жазу көрсеткіші артқан

Қарағандылық дәрігерлер апта ішінде науқастарға онлайн режимде 12 мыңнан аса дәрі-дәрмекке рецепт жазып берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандылық дәрігерлер апта ішінде науқастарға онлайн режимде 12 мыңнан аса дәрі-дәрмекке рецепт жазып берген.

Денсаулық сақтау министрлігі рецеп жазып беру мен дәріханалардан препараттарды алу жолын жеңілдету мақсатында 2020 жылдан бастап барлық өңірге «Қағазсыз аурухана» жүйесін енгізуді тапсырды.

Бүгінде аталған жүйе бойынша Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары қарқынды жұмыс жасауда.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, дәрігерлер апта сайын қажетті дәрілерді онлайн түрде беріп отырған. Соның арқасында 2019 жылдың 27 мамыр және 2 маусым аралығында дәрігерлер 3302 электронды рецепт тағайындаған. Бұл көрсеткіш 24 маусым және 30 маусым аралығында 12604-ке дейін ұлғайған.

Сондай-ақ жүздеген фармацевтикалық бизнес иелеріне кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне (КМАЖ) қосылуға арналған логин және құпия сөз берілген. Олар «DamuMed» қосымшасы арқылы дәрігердің арнайы тағайындаған рецепт нөмері бойынша дәрілерді тарата алады. 

«Бұл жеке дәріханаларға рецеп сақтауға және олар жайында толық ақпарат беруге мүмкіндік береді. Осылайша рецептер айналымы барысында туындаған мәселелер жеңілдейтін болады», - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетсек, елімізде тіркелген 7792 дәрі-дәрмектің 6033-і нақтылы тағайындалған рецепт бойынша босатылады. 

Сонымен қоса электронды рецепт науқастарға қымбат дәрілерді енгізуді тоқтатады. Себебі, рецептер препараттың брендімен емес, халықаралық стандартқа сәйкес жазылады. Сондықтаннауқастар КМАЖ жүйесіне кіру арқылы ең төменгі бағадағы препаратты таңдай алады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс екенін айтты. Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында медицина саласын цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.