Саясат
Қасапшының ажалы
Голощекин қазақ халқын аштықтан қырып, сойқан салғаннан кейін, өзі де қудалаудың тырнағына ілікті.
Берия тарих сахнасында пайда болғанда, Голощекиннің басына қарабұлт үйірілді. 1939 жылы ол тұтқынға алынды. Голощекинге социализмді орнатуда үлкен қателіктер жіберу, террорлық актілер дайындау, троцкизмге бүйрегі бұру сынды айыптар тағылды. Өлім жазасына кесілмес бұрын ол ажал қақпанынан құтылу жолында Сталинге хат жазды. Сталинге жазған хатында ол өзіне жасалған әділетсіздік жайында сөз қозғады.
Алайда бұл хат Голощекинді ажалдан аман алып қалмады. 1941 жылы 28 қазанда ол Құйбышев маңындағы Барбош ауылының маңында атылды.- Мен Филипп Голощекин 36 жыл бойы Лениндік-Сталиндік большевиктік коммунистік партияға адал әрі шынайы қызмет етуіме қарамастан (1903 жылы партияға кіріп, 1939 жылы 15 қазанда тұтқындалдым), партия тарихындағы барлық таптармен, большевизм дұшпандарымен және халық жауларымен күресте алдыңғы шепте болғаныма қарамастан, кеңестік билік пен социализмді құру және большевиктік партияны көркейту жолында жан аямай қызмет етуіме қарамастан, осының бәріне қарамастан, мен кеңестік және большевиктік жерде, 15 қазанда 1939 жылы тұтқынға алынып, 22 ай бойы абақтыда отырмын. 12 ай бойы Суханов түрмесінде қатаң режімде 160-тан астам мәрте физикалық және моральдық тергеуден өттім... Не үшін?, - деп жалына жазды.