Саясат

Қандай жағдайда талақ айтуға тыйым салынады – мүфтият жауабы

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанның парламенті талақпен ажырасуға тыйым салатын заңды қабылдады. Енді, мұндай әрекет қылмыстық іс болып саналады, деп хабарлайды Sputnik Times of India басылымына сілтеме жасап.

Оппозиция қарсы болды

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын Үндістанның жоғарғы соты талақпен ажырасуды заңсыз деп таныған. Ал үкімет шешімді арнайы қаулымен реттеп келді. Осы жолы парламент талақ айтып ажырасуға заңмен тыйым салды. Бұған дейін заң жобасын төменгі палата мақұлдаған. Жоғары палатада құжатты 99 депутат қолдаса, 84-і қарсы болды. Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді.

Үндістанның оппозициясы бұл бастамаға қарсы болды. Жоғары палата депутаты Гулам Наби Азадтың айтуынша, талақпен ажырасуға тыйым салудың саяси астары бар. Себебі ұрыс-керістің салдарынан мұсылман отбасыларының шырқы бұзылады. Ал әділет министрі Рави Шанкар Прасадтың сөзіне қарағанда, бұған дейін қыздың жасауын дайындау және көп әйел алу сияқты индуистік салт-дәстүрлерге де тыйым салынған болатын.

Жаңа заңға сәйкес, талақпен ажырасқан адамдар үш жылға дейін түрмеге қамалады.

Қазақстанда бұл мәселе қалай реттеледі?

Қазақстанда талақпен ажырасу мәселесі заңда жазылмаған. Оның негізгі шарттары тек шариғатпен ғана реттеледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлиевтің айтуынша, талақты ешбір себепсіз қолдану харам болып саналады. 

"Талақ "ажырасу" деген мағынаны білдіреді. Некелі одақты шариғат жолымен бұзу деген сөз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің бір хадисінде: "Алла тағаланың ең жек көретіні ол - талақ" деп көрсетілген. Сондықтан ешбір себепсіз, беталды "талақ" сөзін айту харам болып есептеледі. Адам күнәһар болып қалуы мүмкін", - дейді Әбдуәлиев.  

Оның сөзіне қарағанда, "талақты" үш рет қана айтуға рұқсат етілген. Бірақ оны тек қайта жарасып кетуге болмаған жағдайда ғана қолдануға болады.  

"Ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс-керіс тоқтамай, жарасуға мүлдем ешқандай мүмкіндік болмаған кезде ғана талақты қолданады", - деді Әбдуәлиев.

Түркияның диянеті не дейді?

Өткен жылы Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы (диянет) ажырасуға қатысты пәтуа шығарған. Оған сәйкес, ерлі-зайыптылар телефон, факс немесе электронды пошта арқылы ажыраса алады. Ол үшін отағасы "талақ" деген сөзді үш рет айтса, немесе, жазса болғаны.

Бұдан бөлек, тағы бір пәтуа бойынша ер адам әйеліне "апа, әпке, қарындас немесе ана" деп айтса, некелері бұзылған болып саналады.

Ұлт ақпарат