Bugin
Патрон тастағаны Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері емес
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің пәтерге заңсыз басып кіріп, ұлын ұстап әкеткеніне наразылық танытқан ана – Дариға Назарова бүгін әлеуметтік желіде видео жариялап, ойын өзгергеткенін мәлімдеді.
- Құрметті маңғыстаулықтар, мен - Артуржанның анасы Дариға Назаровамын. Бүгін қорғаушымен кездесіп, жақсы хабар естідім. Қорғаушы тергеу амалдарының заң шеңберінде жасалатындығын айтты. Бұған дейін эмоцияға беріліп, патрондарды лақтырған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері деген сөзімнен бас тартамын әрі оны жеке мақсатта қолданбауларыңызды өтінемін, - деді Дариға Назарова.
Айта кетейік, Дариға Назарова кеше ғана 29 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері пәтерге басып кіріп, айғақ заттарды өздері тастап, өздері "тауып" алғанын айтқан болатын.