Bugin
Мемлекеттік сатып алулар арқылы шетелден жиһаз бен құрылыс материалдарын, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алуға екі жылға дейін шектеу қойылды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com"Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы" қаулы қазіргі уақытта Нормативті құқықтық актілер ашық порталында талқыланып жатыр.
- Аталмыш қаулы жобасы мемлекеттік сатып алуға қатысуға импорттық өндірістің жеңіл, жиһаз өнеркәсібі өнімдеріне және құрылыс материалдарына 2 жыл мерзімге шектеуді көздейді, - деп көрсетілген құжатта.
Сонымен, ұлттық режімнен келесідей шет мемлекеттерде өндірілетін тауарлар жатады:
· Спорттық, шаңғы және суға түсетін костюмдер; өзге де киімдер;
· Төсек, асхана, дәретхана және ас үй іш киімі;
· Табаны бар, су өткізбейтін және үсті резеңке немесе пластмассадан жасалған аяқ киімдер;
· Табаны бар және үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған өзге де аяқ киімдер;
· Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған табаны бар және үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киімдер;
· Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған табаны бар және үсті тоқыма материалдардан жасалған аяқ киімдер
· Өзге де аяқ киімдер
· Кеңселік ағаш жиһаз
· Кеңселік металл жиһаз
· Портландцемент және цемент
Талқылау тамыз айының 13-не дейін жүргізіледі.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Қазақстан шенеуніктеріне шетелден көлік сатып алуға тыйым салынған болатын.