Bugin
Олар аталмыш сайттардан сіздің телефон нөміріңізді алып, қоңырау шалады
Олар сіздің берген хабарлама бойынша затыңызды сатып аламын деп сізбен саудаласа бастайды. Ақшасын келіскесін, қайда аудару керек екенін сұрайды не бағасы үлкен сома болса, ешкімге сатпаңыз деп ақшаның алғашқы бөлігін (задаток) аудара тұруға келіседі. Қандай банк екенін сұрап алады.
- Алаяқ Сізбен сөйлесіп отырып, интернет желісінде Kaspi.kz қосымшасына кіріп, Сіздің нөміріңізді теріп, сол жерден "құпия сөзді ұмытып қалу" (Забыли пароль) батырмасын басып, Сіздің ұялы телефоныңызға "қалпына келтіру кодын" (код доступа) жібереді. Алаяқ Сізден ұялы телефоныңызды өшірмей сөйлесіп тұра тұруыңызды өтінеді және аударып жіберген ақшаны растау үшін СМС-хабарлама арқылы келген құпия сөзді тездетіп айтып жіберуіңізді сұрайды. Осымен ол Сіздің Kaspi.kz қосымшасына кіріп, шотыңызға қол жеткізеді де Сіздің атыңыздан несие алып үлгереді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысының ПД.
Барлығы шапшаңдықпен, жаңылыстыру жолымен жасалады. Ақша аударуға көмектесемін деп адамның өзі де еш ойланбай асығып кетуі мүмкін.
Яғни, алаяққа Сіздің телефон нөміріңіз, банкіңіздің атауы мен Сізге келген СМС-код керек.
Ары қарай Сізбен байланыста болып, ақшаны (өз атыңызға алынған несиені) қателесіп Сізге жібергенін айтып, Сізден сол ақшаны басқа банк шотына немесе QIWI шотына салып жіберуіңізді өтінеді. Ал Сізбен келіскен соманы қайтадан жіберіп жатқанын айтады. Ұялы телефонмен сөйлесіп болғаннан кейін ғана, Сіз несие алып қойғаныңызды түсінесіз.
Уайс Ерсайынұлының Facebook-тегі парақшасынан алынды