Weekend

Алыс аймақтағы журналистер, алып шаһарда бас қосты...

Журналистер біліктілігін шыңдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алыс аймақтағы журналистер, алып шаһарда бас қосты...

Шілденің 29 мен 30 күндері Алматы қаласында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен «Шеврон Мұнайгаз ИНК» компаниясының бірлесе ұйымдастырған «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг болып өтті. Негізгі медиа-тренер - Ұлыбритания мемлекетінің Лондон қаласынан арнайы шақыртылған медиа-тренер «Avrupa Media Group», «Avrupa» газеті «Avrupa» радиоарнасы секілді бірнеше БАҚ-тың басшысы Ватан Оз мырза.

Семинардың алғашқы күні «Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік тақырыптағы ақпараттардың ресми құжаттарға сәйкес болуы. Қылмыстық және азаматтық жауапкершілік» тақырыбымен ашылды. Журналист халықпен билік арасындағы жалғастырып тұратын алтын көпір десек осы міндетті дұрыс атқара білу керек. Жалған ақпарат таратудан сақ болуы керек. Өтірік ақпарат билік пен халық арасын ғана емес сонымен бірге екі мемлекет арасына іріткі салып жіберуі де мүмкін. Сол үшін журналист өзінің қоғамда төртінші билік өкілі екенін естен шығармағаны абзал.

Семинарда Ватан бей жалған ақпарат таратудың тигізер зияндығын айта келіп, «Журналистер бұрын төртінші билік өкілі болып саналып келген. Қазір бірінші орынға көтерілді. Барлығы журналистің қолында деуге де болады» деді өз сөзінде. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Естіген ақпараттың өтірік-шынын білмеген жағдайда ресми орындардан нақтысын білуі шарт. БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер қай кезеңде болмасын өзекті. Бұрын да өзекті болған келешекте де өзінің өзектілігін жоғалтпақ емес. Семинар еркін форматта өткендіктен журналистер сұрақ қойып, пікірлерін білдіріп отырды. Жарты сағаттық үзілістен кейін «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен шеберлік сағаты болды.

Ватан бей семинар соңында тікелей эфир қалай жасалуы керек? Нені ескерген жөн осылар жөнінде толық ақпарат беріп өтті.

Келесі күні әлеуметтік мәселелер соның ішінде отбасы, тұрмыстық мәселелер жайында медиа-тренер Дина Имамбаева ханым статистикамен көрсете отырып, жан-жақты түсіндіре келіп, отырған журналистерді 3 топқа бөліп, әр қайсыларына тақырып беріп, сол бойынша жарыстырды. Осы орайда журналистер өздерінің ынтымақтастығын көрсете білді.

Түстен кейін Телеарнадағы әлеуметтік тақырыптар: бағдарламаларды талдау,, резонанс тудыру. Журналистің ықпалы туралы «Қарекет» бағдарламасының продюсері медиа-тренер Самал Мейрам ханым «қарекет» бағдарламасындағы өзекті болған тақырыптардан бейне үзінділер көрсете отырып, журналисттің этикасы, құзырлы органдармен жұмыс жайлы соқырға таяқ ұстатқандай етіп түсіндіре білді.

 Семинар соңына қарай «PicMotion, WavePad Audio Editor, Ustreem, аудио монтаж программаларымен жұмыс жасау әдістерін IT маманы, медиа-тренер Ернұр Зейнуллаев түсіндірді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші, ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар заманы болғандықтан журналистерге де соңғы шығып жатқан технологиямен, мобильді қосымшаларды білуі шарт. Сонымен бірге сайт ашу және оны жүргізу жөнінде асықпай, тәптіштеп түсіндіріп берген It маманына журналистер риза болды. Орал, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент, Алматы қалаларынан қатысқан журналситер сертификаттар тапсырылып, естелік суретке түсіп, өз қалаларына қайтты.

Айта кету керек алыс аймақтағы журналистердің барлығын бір қалаға жинап, екі күнде біліммен тәжиірбе үйретіп қана қоймай, журналистердің бір-бірімен жақынырақ танысып, дос-бауыр болуына да септігін тигізген «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямергенқызы мен Шеврон Мұнайгаз ИНК компаниясына алғысымыз шексіз!!!

                                                                      Алғабек Хамитұлы, журналист