Саясат

«Ешкімге кедергі келтірме» ұстанымы

Елге сынақ – ерге сынақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында «ешкімге кедергі келтірме» деген ұстаным бар. Яғни, таратылатын ақпараттың өз деңгейіндегі фактілерге сүйену қажеттігін, алайда арандату немесе өзге де тәсілдер арқылы бұқараның санасын улап, теріс насихат әрекеттерін жасайтын құралға айналмауын жай ғана қарапайым сөйлеммен «ешкімге кедергі келтірмеумен» түсіндірген.

Соңғы уақытта ел ішіндегі жайттарға байланысты әлеу­мет­тік желілерде түрлі пікірлер белең алып, бұқара арасында алауыздық тудырып, жалған ақ­­пар­лар немесе мүлдем сүзгі­ден­ өтпеген, ақ-қарасы ай­­қын­­­­­дал­­маған ақпарлар тарату ар­­қы­лы мемлекеттік құры­лым­­ның жұмысына кедер­гі кел­тіру іс­тері белең алғаны жасы­­рын емес. Кей жымысқы мақ­­сат­тар­­­ды көздеушілер бұл идея­ла­рын әлеуметтік желіде оп-оңай жү­зеге асыруды қолай көрді. Алай­да, әлеуметтік желі­де та­ра­­­­ла­­тын ақпараттың бар­лы­ғы шын­­дыққа жанаса бер­мей­т­і­нін, осы мә­се­лелер төңіре­гін­де ше­шім қабыл­дамас бұрын нақ­­ты де­рек­­­көзд­ер немесе ақ­па­­рат­тық са­­уа­т­тылықпен қам­т­ыл­у­­ды біз­­­дің бұ­­қараның басым кө­бі­нің есеп­­ке алмай жататыны өкінішті.

Бәрімізге белгілі, осыдан бір ай бұрын еліміздің оңтүстігінде ешкім күтпеген төтен­ше жағдай болды. Ең бастысы, жап­пай адам шығынына жол бермей, әскери­лер мен жергілікті биліктің және батыл тұр­ғынд­ар қабылдаған шұғыл шаралардың нәти­жесінде еңкейген қарттан бесіктегі балаға дейін қауіпсіз жерге көшірілді.

Соған қарамастан Арыс қала­сын­дағы жағдай ел ішін­де іріткі салудың кезекті бір қаруына айналып, әлеумет­тік желілерде билікке, әске­ри­­­лерге қатысты неше түрлі әдеп­тен тыс пікір­лер желдей ескені де рас. Нақты ұстаным Арыс­­тағы жағ­дайды қалыпқа келтіріп, зар­­дап шеккен халыққа көмек қолын созу­дан бұрын билік өкіл­деріне бар кінәні артып, кей пікірлер мен теріс көз­қарас­тарға тоқ­тау салу жағы кем­шін кетті. Мұ­ны «жы­ғыл­ған үсті­не жұдырық» дейді дана халқы­мыз. Ала­сапыран сәтте қан­дас­тар­дың қал-жағ­дайынан бұрын Үкімет жұмысына сын-пікір­лердің толастамай, мәселені шешу­ден гөрі ушықтыруды қалау – тек сыңаржақ­тылық пен тас түскен жеріне ауырдың кері.

Әрине, мәселенің төркіні Арыс болса, арсеналдың жағ­дайы мен тәртібіне жауап бере­тін бірнеше нақты лауазымды қызметкерлер бар. Олар тек­­серу қорытын­дыларынан ке­йін тиісті жазаларын алады. Бас­ты айта кететін жайт – оқиға орын алған­нан бастап, Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Арыс­тағы жағдай бойынша шұғыл түрде Қауіпсіздік Кеңе­сінің оты­рысын өткізсе, Мем­лекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына атта­нып, қарапайым халықтың жай-күйін біліп, олардың жіге­рін көтерді, оқиғаны жіті назарында ұстайтынына уәде берді. Жоғарғы Бас Қолбасшы – Пре­зидент тапсырмасына сәй­кес, Қорғаныс министрі Н.Ер­­мек­баев халықты көші­ру­­ден бастап, олардың азық-тү­лік­пен қамтылуы, тұр­ғын үй­лер­ді қайта тұрғызу, қаланы жа­рыл­ғыштардан тазарту, қал­пына келу үрдісіне дейін бәрін өзі бақылады, Қарулы Күштер өкіл­деріне нақты тапсырмалар міндеттеліп, аймақтағы жағдай­дың әрі қарай даму сипатын өз қолына алды.

Жалпы, Арыстағы арсенал әскери бөлім мен әскерилердің қызметтік қырағылығына емес, егемен еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігіне арналғанын ес­керуге болады. Арыстағы әске­ри қызметкерлер мен олар­дың отбасы мүшелері ауыр кли­маттық жағдайға қарамастан, Отан алдындағы борышы мен бұйрығын орындап, осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білді. Қазіргі жаһан күн са­йын емес, тіпті сағат санап, сан құ­былып, мың өзгеруде. Ірі дер­жавадан шағын мемлекет­терге дейін өздерінің қарулы күш­терінің әлеуетін көтеру үшін бар мүмкіндіктерге жол ашуда. Әлемдегі кейбір халық­ара­лық шиеленістер бір мем­лекет­тер­дің екіншісінен әскери әлеуе­тінің артып кетпеуі үшін де болып жатқаны белгілі. Осын­дай жүгі ауыр кезеңде ел­дің еңсесі тіктеліп, оны қорғ­ай­тын ерінің қабырғасы қайыс­па­ғаны абзал. Елдегі ішкі фак­тор­лардағы кертартпалық оның тоз-тозының шығып, тізе бүгіп кетуіне түрткі болып кетпеу керек. Мұның соңы үл­кен өкініштерге соқты­рады. Сондықтан халықтың ауызбір­ші­­лі­гі, Үкімет жұмысының тия­нақ­­­т­ылығы, әскери әлеует­тің мы­ғым­дығы қажет-ақ.

Қалай болғанда да, ел басына түскен сынақ – ер басына түскен сынақ. Ел мен ердің бөліп-жарар дүниесі жоқ. Оларға Отан да ортақ, ел де ор­тақ, жер де ортақ. Ел – елдігін көр­­сетіп, болар ерінің белін бу­са, ер азамат елі үшін аянбай ең­­бек ете берері хақ. Өйткені Отан ал­дындағы борышын өтеу – же­ке­леген адамдарға, яки тек әс­ке­рилер мен билік өкіл­дері­нің ғана емес, жалпы әр адамның, тұтас ұлттың борышы әрі міндеті.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ,

саяси ғылымдар докторы,

профессор

egemen.kz