Денсаулық
Генетика ғылымының біз біле бермейтін қырлары көп
«Сенің көзің дәл әкеңнің көзіндей», «Мінезің атаңнан аумай қалыпты», «Жүрісің анаң секілді». Иә, дәл осы сөздерді бәріміздің естігеніміз сөзсіз. Оның себебі генетика ғылымында.
Генетика - құпиясы көп ғылым саласының бірі. Ал биология тілімен айтқанда былай: «Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы».
Әрине, баланың көзінің түсі, денесі, бойының ұзындығы әке мен ана тарапынан берілетіні сөзсіз. Бірақ ғылым саласында біз біле бермейтін, ескере бермейтін дүниелер бар. Ендеше, біле жүріңіз.
Интеллект - ақыл-ой немесе адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Әкенің ақыл-ой қабілеті (интеллект) ұлына берілмейді. Егер әкесі өте ақылды (гений) адам болса, ұлының 100% ақылды болуы мүмкін емес.
Идиотизм немесе ақымақтық. Бұл да әкеден берілмейді. Яғни, әкесі қанша ақымақ болса да, ұлы ол секілді ақымақ болмайды.
Генетика ғылымы бойынша «Әкенің ойлау қабілеті ұлына берілмейді».
Әкенің ақыл-ойлау қабілеті тек қыздарына ғана беріледі. Оның өзінде жартылай ғана. Мысалы, әкесі өте зерек ақылды болса, қыздарына жартылай осы қасиет берілу мүмкін.
Ұлына тек анасының генетикасы тікелей байланысты. Егер анасы ақылды болса, ұлы одан да ақылды болады. Себебі анасына генетика әкесінен беріледі.
Яғни, ұлға интеллект нағашы атасынан тікелей беріледі.
Сол себепті ер балаларға: Егер ұлыңның ақылды болғанын қаласаң, болашақ әйеліңнің әкесіне қара.
Қыз бала тәрбиені анасынан алса да, ақылы әкесі сияқты болады.
Ұл балалар «интеллектісі жоғары» немесе «өте ақымақ» болуы мүмкін.
Ал қыздар «толықтай интеллектісі жоғары болмаса да, жартылай болуы мүмкін». Сол себепті ұлдар есепке, компьютер тіліне жүйрік келеді. Нобель сыйлығының иегерлерінің басым көпшілігі - ер адамдар.